«Халыққа қызмет көрсету орталығындағы семинар-кеңес»
2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілері аудандық, қалалық, облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары мен басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Семинар қатысушылары алдында баяндамамен Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Асхат Искендиров сөз сөйледі. Ол қатысушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына жасалған қоғамдық талдау нәтижелерімен таныстырды. Талдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Қазіргі таңда, Департамент кәсіпкерлер палатасының ақпаратында көрсетілген фактілер бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталығы…