«Данияр Үсенов азаматтар сұрақтарына жауап берді»
«Университеттен кейін бірден сыбайлас жемқорлық қызметіне түсуге болады ма?» бұл, азаматтардан жақында өткен облыстық «Қостанай таңы» газетінің ресми сайтындағы интернет-конференциясына келіп түскен ең алғашқы сұрақтарының бірі болды. 21 сәуірде онлайн тәртібінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Данияр Үсенов азаматтар сұрақтарына жауап берді. Өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын сайт қонақтары облыстық газеттің электронды мекен жайына жіберді немесе хабарласты. Осылайша, бір сағат ішінде Департамент басшысына 10-нан аса сұрақ келіп түсті. Мекеме жұмысының әсерлілігі, үлкен шу шығарған істер және мемлекеттік қызметке кіру үрдістері туралы сұрады. Тек қана сұрақтар емес, қостанайлықтар қоғамда жем…
