Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы»

2015 жылдың 12 мамырында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінде Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында Қостанай ауданының 16 жергілікті атқарушы ұйымдар қызметіне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдары, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жоспарлы тексерудің нәтижелері қорытындыланды. Тексеру нәтижелері бойынша, Тәртіптік кеңес алдында Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев есеп берді. Тәртіптік кеңес отырыстарында облыстық басқармалардың бірінші басшыларының, аудан мен қала әкімдерінің есеп беру тәжірибелері ары қарай жалғасын табатын болады.

Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Асхат Искендировтың  ақпаратына сәйкес, біздің облыстың күрделі мәселелерінің бірі кадр алмасушылығының жоғары деңгейі. Соңғы 3 жылға жүргізілген талдау алмасушылықтың ең жоғары деңгейі Қостанай ауданында екендігі анықталды. Осылайша, жаңа әкімнің келуімен 2014 жылдан 2015жылға дейін өз еркімен 51 мемлекеттік қызметкер жұмыстан кеткен. Бұл көрсеткіш ауданның штаттық санының 22%-құрайды. Тексеріс барысында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін қолданыстағы заңнамалардың бұзу фактілері анықталды.

 

***

 

Сонымен қатар Тәртіптік кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлерге қатысты үш іс қарастырылыды. Бірінші Қостанай ауданы әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В.Б. Панинге қатысты іс қарастырылды. Шенеунік үйде оқытылатын мүгедек балаларға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылмаған, артық құжаттар талап еткен. Тәртіптік кеңес іспен нақтылы танысып, В.Б. Панин басшылығына шенеунікке мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзғаны үшін сөгіс ретінде жаза қолдануды ұсынды.

Тәртіптік кеңес «Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы М.Е.Темірбаевқа қатысты істі қарастырды. Департамент қызметкерлері жеке меншікке сатылатын жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту, жер учаскелеріне құқық алу барысында жол бұзушылықтарды әшкерелеген. Бұл жерде шенеунік мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын елемей, толық емес құжаттарды қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсетуде стандарттардың ескірген тәртібін қолданған. Бөлім басшысының түсініктемесін тыңдап, тәртіптік кеңес Темірбаевқа қатаң сөгіс жариялау ретінде жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Тәртіптік кеңестің отырысы барысында тағы да бір іс қарастырылды. 2015 жылдың 7 сәуірінде Арқалық қалалық сотымен «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Д.Н. Хамзинді әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 608 бабы бойынша кінәлі деп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қабылданған. 2015 жылдың наурыздың 26-нан 27-не қараған түнінде мемлекеттік қызметкер мемлекеттік көлік құралын мас күйінде басқарып, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған әкімшілік жауапкершлікке тартылған. Сот актісі заңды күшіне енді. Қызметтік тексеру барысында Д.Н.Хамзин аталған фактіні растады. Соңында, Тәртіптік кеңес  шенеунікті жазалап, Арқалық әкіміне Д.Н.Хамзинді қызметі бойынша төмендетуді ұсынды.

 

МҚІСЖҚІҚ агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі

Тел. 8(7142) 914-262

                 
0
0
610

Осы тақырып бойынша

«Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы» - Yvision.kz