Құрметті Отан қорғаушылар! Қымбатты қостанайлықтар!
Отан қорғаушылар күні-бұл еліміздің тарихы барысында тәуелсіздік үшін күрескендердің барлығына құрмет көрсету. Әскери қызмет барлық кездерде аса құрметті міндет, әрбір азаматтың намысы, батырлық пен қайсарлықтың мектебі болды. Әскер-мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің қорғаны, азаматтардың тыныштығы мен берекесінің сенімді кепілі, мемлекеттің әлемдегі бедел өлшеуіші болды және болып қала бермек.
Әр түрлі әскер қатарларында қызмет өткеру өзінің конституциялық және азаматтық борышына адал болып, әскери бөлімдерде қызметін лайықты түрде өткеріп жүрген көптеген жастар үшін нағыз ерлік пен патриоттықтың мектебі.
Біздің Президент пен мемлекет басшылығы әскери қауіпсіздікке үлкен көңіл бөледі. Себебі, ұлттық қызығушылықтардың сенімді қорғаны және Қазақстанның әскери қауіпсіздік потенциалын нығайту-мемлекеттің тұрақты дамуының, азаматтардың берекелі өмірінің негізі.
Мемлекет пен қоғамның бірлескен Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін жоғарылатуға бағытталған жігерлері, оларды заманауи техника, қару-жарақпен жарықтандыру-Қазақстанның сенімді әлеуметтік-экономикалық дамуын, азаматтарымыздың бейбітшілік пен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін.
Құрметті әскери қызметкерлер мен бүгінгі күндері әскерде қызметін өткеріп жүргендер! Сіздерді ерлік пен шыдамдылықтың керемет мерекесі - Отан қорғаушылар Күнімен құттықтаймын. Шын жүректен зор денсаулық, ырыс және табыс тілеймін.
Қазақстандық аспан бейбіт болып, еліміз, халқымыз өркендей берсін.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы
Данияр Үсенов
