«Мемлекеттік қызметкерлерге бос орындар жәрмеңкесі»
Түрлі мамандықтар бойынша мың жарымға жуық бос орындар. 2015 жылдың 19 мамырында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде облыстың ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге мемлекеттік мекеме, өнеркәсіптік ұйымдар кешенінің, жеке мекемелердің, екінші дәрежелі банктердің өкілдері және облыстың өзге де ұйымдары қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті де өз секциясын көрсетті. Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Әсет Досекенов потенциалды жұмыскерлерге кеңес беру барысында мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың барлық мәнісін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметке кіргісі келетіндер қатарынан үлкен кезек туындап, Департамент жеке дәрісханада кеңес беруге шешім қабылдады. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларды аса қызықтырған сұрақтардың бірі-мемлекеттік қызметке кіру, өткеру, тест тапсыру, мансаптың жоғарылауы болды.
Арман Болат Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі. Жас жігіт заңгерге оқып шығып, бүгінде белсенді түрде жұмыс іздеп жүр, сондықтан да бос орындар жәрмеңкесіне бірінші келгенднрдің қатарында. Ұсыныстар жас жігіттің айтуынша аз емес, алайда бәрінен бұрын жігітті қостанайлық Департаменттің бұрышы қызықтырды. Арманның айтуынша, мемлекеттік қызмет тек қана тұрақтылық пен абырой емес, сонымен қатар, адал еңбек, халқына, Отанына, ең бастысы-мемлекет үмітін ақтаудағы қызмет.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мерекелерді өткізу түлектерді жұмысқа орналастырып қана қоймай, жұмыс берушілерге де перспективті және мақсатты мамандар тауып алуға мүмкіндік береді.
МҚІСЖҚІҚ агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Шериева

