Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Студенттер мен мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференция»

«Мемлекеттік қызмет өткеру мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері». Осындай ерекше атаумен жақын арада, Рудный қаласында жергілікті колледж студенттері, оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бастау алған кездесу жергілікті Ы.Алтынсарин атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде өтті. Мемлекеттік қызмет өткеру үрдістері және Департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау механизмдері туралы нақтырақ білу үшін біршама студенттер жиналды. Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында әрбір аталған тармақтар бойынша нақтылы баяндамасымен Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Әсет Досекенов сөз сөйледі. Қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, мемлекеттік қызметкер жастарды бірігіп, белсенді түрде «Жемқорлық» деген жағымсыз құбылысқа қарсы тұруға шақырды. Департамент қызметкерлері өткізетін кездесулердің көбі жастар арасында болады. Шын мәнінде, жастардың бүгінгі сана-сезімі қалай қалыптасса, болашақ ұрпақтың дамуы да тікелей соған байланысты болмақ. 
Мемлекеттік қызметкердің сөзін тыңдап болған соң, студенттер өз кезегінде жемқорлық тақырыбын белсенді талқылауға кірісті. Әр түрлі ойлар көп болғанымен, қатысушылардың ешқайсысы қарсы тарапты құптаған жоқ. Барлық «Иә», «Жоқ» деген ойларын таразыға салып, жастар бір ойға тоқталды, олардың әрқайсысы жемқорлық түсінігін қайта толғап ұғынды. 
Жергілікті оқытушылардың айтуынша, осындай кездесулер студенттер үшін тек танымдылық емес, сонымен қатар тәрбиелік мінезге де ие. Аудиториядан тыс және бейресми жағдайда жастар бір-бірімен диалогқа белсенді түрде қатысады. «Пікірталас шындықты туғызады» демекші, құрдастарының ойы жастар үшін маңызды рөл атқарады, бізге тек қана оларды тура жолға бағыттау маңызды» - деп атап өтті Әсет Досекенов. 
Қорытындысында студенттерге білімдері мен ойларын толықтай бекіту үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик көрсетілді. Кездесу нәтежиесінде студенттер Рудный қаласында осындай кездесулер алдағы уақытта да өтіп тұратынына үміт білдіріп, мемлекеттік қызметкерлер мен оқытушыларды ендігәрі жастар өз тарапынан сыбайлас жемқорлық қоғам қатарына енбеу үшін максималды түрде күш салатынына сендірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі Тел. 8(7142) 914-262

0
0
550

Осы тақырып бойынша