Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халыққа қызмет көрсету орталығындағы семинар-кеңес»

2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілері аудандық, қалалық, облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары мен басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар қатысушылары алдында баяндамамен Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Асхат Искендиров сөз сөйледі. Ол қатысушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына жасалған қоғамдық талдау нәтижелерімен таныстырды. Талдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Қазіргі таңда, Департамент кәсіпкерлер палатасының ақпаратында көрсетілген фактілер бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. 
Сонымен қатар, Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне де жеке ескертулер бар. Осы және өзге де мәселелер аталған кездесуде талқылаудың негізі болды. Мысалы, заңнамамен қарастырылмаған қосымша құжаттар талап ету, халыққа қызмет көрсету орталығындағы инспекторларының азаматтармен қарым-қатынасы кезінде этикалық қағидаларды қадағаламауы және т.б.
Семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет көрсету саласында, құжаттарды қабылдау мен өңдеу, азаматтарға қызмет көрсетуде туындайтын тәжірибелік жағдайлар бойынша заңнаманы жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. 
Осылайша, Қостанай облысы бойынша №1«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Рудный қалалық филиалының бөлім басшысы Елена Селянина жер қатынастарында мемлекеттік қызмет көрсету талаптарына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасады және Қостанай облысының мемлекеттік мекемелерінің жүйесін интеграциялау мәселесін талдауды ұсынды. «Біз мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде бар ақпаратты қызмет қабылдаушылардан қосымша талап етпеуіміз керек»-деді Елена Селянина. 
Тараптар аталған барлық ұсыныстар қорытындылары өкілетті мекемеге жолданатын ортақ талдауда баяндалады деген шешімге келді. Асхат Искендиров осындай кездесулер осы салада туындайтын мәселелерді жедел шешіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапсын арттыруға үлес қосатынын атап өтті.

МҚІСЖҚІҚ агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Шериева

 
0
0
379

Осы тақырып бойынша