Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметкерлердің ұсыныстары»


Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын қалайша жетілдіруге болады? Жақын арада қостанайлық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің қызметкерлері өткізген кезекті семинар-кеңес осы тақырыпқа арналды.Семинар-кеңеске облыстық мемлекеттік мекемелер, жергілікті әкімдіктер өкілдері, оның ішінде, қалалар мен аудандар әкімі апараттарының басшылары мен персоналды басқару қызметінің мамандары қатысты.
Өз Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қосу мақсатында облыс орталығында облыстан 100-ге тарта мамандар жиналды. Кездесуге қатысушылар күрделі мәселелерді қозғады. Мысалы, көбісін мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты сұрақтар қызықтырды. Олар әкімдік мамандары заңның жетілдірілмегендігіне жиі тап болатындығын айтты. 
Мемлекеттік қызметкерлер тағы бір жағдайды маңызды деп, атап өтті. Әңгіме жергілікті деңгейде жүргізіліп жатқан кадрлық саясат туралы болды. Мамандардың айтуынша, олар ұжым ішінде әділетсіздікке жиі ұшырайды. Мәселе кейбір сөгіс алған әріптестерге «жеңілдіктер» жасалатындығында. Көптеген «жазаланушылар» сөгіс болған жағдайда қомақты сыйақыдан құр қалатын болғандықтан, олардан күнібұрын «сөгісті» шешіп тастайтындығында. 
Департамент қызметкерлері әріптестерінің «мүдделерін» тыңдап, әкімдік мамандарын шұғыл түрде аталғандай фактілер туралы хабарласып, ал қызықтырған сұрақтар бойынша мәселені жазбаша түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментіне жолдауын сұрады. Олармен нақтылы түрде танысып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Агенттікке жолданатынын хабарлады. 
Кездесу шеңберінде Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлерге ұйыммен ағымдағы жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет бағыты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке тоқтап, атқарылған жұмыстар туралы нақтылы айтып берді. Қоғамдық ойдың дұрыс қалыптасуында маңызды. Осы бағытта Департамент әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа тап болған кезде өзін қалай ұстап, қай жерге арыздану керек екенін білу үшін, жергілікті атқарушы органдарымен бірігіп, тығыз қарым-қатынаста болу керек. 
Мамандар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында әрбір азамат өзінің сұрағын қойып, ұсынысын, шағымдарын, сыбайлас жемқорлық көрінісі фактілері бойынша хабарласа алатын біріңғай 1494, тегін байланыс орталығы жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Департамент мамандары атап өткендей сыбайлас жемқорлықты кез-келген ауру тәрізді-емдегенше, алдын алған оңай. Сондықтан, Департамент әр түрлі топтармен кездесуін әрі қарай жүргізетін болады. Себебі бүгін басқару органдары әрбір азамат үшін сүйеніш тірегі болу маңызды, ал ол үшін мемлекеттік қызметкерлер біздің міндет-халыққа қызмет екендігін естен шығармауы тиіс. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі 
Тел. 8(7142) 914-262

 
0
0
271

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметкерлердің ұсыныстары» - Yvision.kz