Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыс бойынша жарысы өтті
2015 жылдың 15 тамызында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы бас аппаратының қызметкерлері арасында жазғы көпсайыстан ХV спартакиада өтті. Жарысқа 24 қызметкер қатысты.
Жазғы көпсайыс - салауатты өмір салтын насихаттау, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлерін дене шынықтыру, спортпен айналысуға тарту мақсатында өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық жарыстардың нәтижесі бойынша ең үздік қызметкерлер анықталғаннан кейін көпсайыстан республикалық жарысқа қатысу үшін Шығыс Қазақстан ОТД-сының құрама командасы жасақталады.

Ерлер командасы арасындағы жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды Телекоммуникация желілерін дамыту цехының электромонтерлері М. Естаев пен М. Қадесов өзара бөліссе, үшінші орынды Жергілікті желілерді техникалық күтім жасау орталығының электромеханигі А. Әбдірахманов иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыста бірінші орында Маркетинг бөлімінің маркетологы Н. Закарьянова, екінші орынды Заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығының сату жөніндегі маманы Н. Сорокина және үшінші орынды Байланысу орталығының абоненттермен жұмыс жөніндегі технигі Л. Григорьева иеленді.

Сонымен қатар «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы Телекоммуникация желілерін дамыту цехының электромонтері Е.Мекенге, сату жөніндегі маман Г. Оразбаеваға, «Споттық рухы үшін» номинациясы Техникалық пайдалану орталығының 2-санатты инженері И. Шлыковқа және сату жөніндегі маман Ш. Мұсағалиеваға берілді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды иеленген үздік қызметкерлер жазғы көпсайыстан облыстық жарыста Шығыс Қазақстан ОТД бас аппараты атынан қатысатын болады.

