Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақтелеком» «Әмбебап нөмір» қызметінің топтамасына өзгерістер енгізеді

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қазақтелеком» АҚ жаңа «Әмбебап нөмір – Премиум» қызметтер топтамасын лимитсіз Интернетпен қоса ұсынатын болады. Сонымен қатар «Әмбебап нөмір – Базалық» және «Әмбебап нөмір – Стандарт» топтамаларының қызметтері де мейілінше жақсартылады.

Атап айтқанда «Әмбебап нөмір – Базалық» топтамасы 1 Гбайт трафик көлемінде Интернет желісіне қатынау қызметімен толықтырылса, «Әмбебап нөмір - Стандарт» топтамасында Интернет трафик 0,5 Гбайттан 5 Гбайтқа дейін көбейтілмек.

Қосымша ақпаратты «160» нөмірі бойынша, www.telecom.kz сайтынан, «Қазақтелеком» АҚ сервис желісі пункттерінен алуға болады.

 
0
0
555

Осы тақырып бойынша

«Қазақтелеком» «Әмбебап нөмір» қызметінің топтамасына өзгерістер енгізеді - Yvision.kz