Шығыс Қазақстан ОТД-да лицей оқушылары үшін экскурсия өткізілді
Шығыс Қазақстан ОТД-да лицей оқушылары үшін экскурсия өткізілді
Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясына дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің оқушылары келді. Оқушылар компанияның қызметімен, жаңа технология түрлерімен және «Қазақтелеком» АҚ ұсынытын қызмет түрлерімен танысты.

Экскурсия барысында №34 мектеп-лицейінің оқушылары 2013 жылдың аяғында ашылған техникалық қызметкерлерді теориялық және тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп оқытуға арналған Шығыс Қазақстан ОТД оқыту-машықтану полигонында болды.
Компания қызметкерлері экскурсанттарға «iD TV Online», «Әмбебап нөмір», «Ата-ана бақылауы», «Бағдарламаны жалға беру» және енгізіліп жатқан басқа жаңа технологиялар мен қызметтер туралы айтты.

Полигон аумағында оқушылар байланыс желіжолдары құдықтарын, әуе байланыс желіжолдарының тіректерін, мыс желісі мен GPON желісінің кростарын, тарату шкафтарын, жайластырылған және коттедждік үйлердің сызбаларын көре алды.
Бұл жерде кәбілшілер, монтерлер және клиент жабдығын орнату мен инсталляция жүргізуші қызметкерлер оқи алады. Сонымен қатар еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларын оқып-үйрену де осы жерде жүргізіледі.

Гимназия оқушылары байланыс мамандығына сай өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, бірден жауап алды.
7 «А» сыныбының сынып жетекшісі Лариса Шевнинаның айтуынша, - «Бүгін оқушылар өздерінің көздерімен техникалық жүйелерді көруге, заманауи технологиялармен және компания ұсынатын қызметтермен танысуға мүмкіндік алды. Осындай кездесулер мен экскурсиялар оқушылардың кәсіптік бағдарларын, ой-өрістерін дамытуға мүмкіндік береді».
Осындай іс-шаралар Шығыс Қазақстан ОТД үнемі өткізіледі.
