Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Өскемен қаласындағы «Fresh market» гастрономында тегін Wi Fi нүктесін орнатты
Өткен күні Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Fresh market» ЖШС-мен бірлесіп «Wi Fi» технологиясы бойынша тегін Интернет желісіне қатынауды ұйымдастырды. Енді облыс орталығының тұрғындарында, алғашқы фермерлік гастрономының сатып алушыларында әйгілі «Fresh market» аумағында «Қазақтелеком» АҚ-нан Wi Fi желісі арқылы Интернетке тегін қатынау мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, Өскемен, Семей, Риддер және Зырян қалаларындағы қоғамдық орындарда Wi-Fi технологиясы негізінде Интернет желісіне қатынау нүктелері бар. EVDO/Megaline/ID NET қызметін пайдаланушылар жеке кабинетінің логинін және құпия сөзін пайдаланып Wi-Fi нүктелерінің көмегімен жылдамдығы 8 Мбит/с дейін шектелінбеген трафик арқылы Интернет желісіне лимитсіз қатынау мүмкіндігіне ие. Қызметтің бағасы айына 330 те…


