Шығыс Қазақстан ОТД байланыс ардагерлерін «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған төсбелгісімен марапаттады / В Восточно-Казахстанской ОДТ нагрудным знаком «20 лет АО „Казахтелеком“ наградили ветеранов связи
Шығыс Қазақстан ОТД-да «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған төсбелгісімен облыстық телекоммуникация дирекциясының еңбегі сіңген байланыс ардагерлері Альберт Безаевті, Александр Дьяченконы және Бас директор Эрнест Еспенбетовті марапаттады.

Шығыс Қазақстан облымтық телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Эрнест Еспенбетов байланыс саласының құрметті ардагерлері Альберт Иванович Безаев пен Александр Сергеевич Дьяченкоға мерейтойлық төсбелгіні салтанатты түрде табыстап, көп жылғы сүбелі еңбегі үшін алғысын айта келе «Қазақтелеком» АҚ өсіп-өркендеуі жолындағы көп жылдар бойғы еңбектеріне алғысын білдірді және ардагер байланысшылар монтер, одан әрі инженер, компания басшылығына дейінгі ұзақ еңбек жолын жүріп өткендігін, құрметті демалыста болғандарына қарамастан жас мамандарға өз тәжірибелерін үйретуден жалықпағандарын атап өтті. Әр уақытта А. Безаев пен А.Дьяченко байланыс және телекоммуникация саласын дамытуға қосқан үлестері үшін мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болған.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан ОТД бас директоры «Қазақтелеком» АҚ 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Эрнест Досынбекұлы филиалды 2005 жылдан бастап басқарып келеді. Оның басшылығымен телефондандыру және интернетпен қамту қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, аналогты станцияларды цифрлы станцияларға ауыстыру, аудан орталықтарына талшықты-оптикалық байланыс желіжолдарын салу және Өскемен, Семей қалаларындағы көп қабатты үйлерге оптика кәбілін жүргізу жобалары сәтті аяқталуда және іске асырылуда. Сондай-ақ телекоммуникация қызметтерінің жаңа түрлері белсенді түрде енгізілуде.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және дамыту министрінің 10.12.2014 ж. №255-к бұйрығына сәйкес «Өндірістік-техникалық зертхана» учаскесінің телекоммуникация желісі жабдығына техникалық күтім жасау жөніндегі инженері Павел Федорович Кашкаров пен Катонқарағай аудандық өндірістік телекоммуникация торабының телекоммуникация желісі жабдығына техникалық күтім жасау жөніндегі инженері Нәзира Зайнолқызы Байжуминова «Үздік байланысшы» төсбелгісімен марапатталды.

Аталмыш іс-шара ОТД жас мамандары үшін жақсы уәждеме болды.
***
В Восточно-Казахстанской ОДТ нагрудным знаком «20 лет АО «Казахтелеком» наградили заслуженных ветеранов связи областной дирекции телекоммуникаций Альберта Безаева, Александра Дьяченко и Генерального директора Эрнеста Еспенбетова.

Генеральный директор Восточно-Казахстанской областной Дирекции телекоммуникаций Эрнест Еспенбетов поблагодарил их за многолетний труд и отметил, что наши ветераны прошли долгий путь от монтера до инженера и руководителя компании. Находясь на заслуженном отдыхе в настоящее время, они продолжают активно передавать свой опыт молодым сотрудникам. В разное время А. Безаев и А.Дьяченко были удостоены высоких государственных и ведомственных наград за личный вклад в развитие отрасли связи и телекоммуникаций.

Генеральный директор Восточно-Казахстанской ОДТ Э.Еспенбетов также был удостоен нагрудным знаком «20 лет АО «Казахтелеком». Эрнест Досынбекулы руководит филиалом с 2005 года, под его руководством успешно завершены и реализуются государственные программы по развитию услуг телефонии и интернетизации, модернизации аналоговых станций на цифровые, проекты по строительству волоконно-оптических линий связи до районных центров и и прокладка оптического кабеля в многоэтажные дома городов Усть-Каменогорск и Семей. Также, активно внедряются новые виды услуг телекоммуникаций.

Также согласно Приказу Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан №255-к от 10.12.2014 года инженер по техническому обслуживанию оборудования сети телекоммуникаций Участка «Производственно-техническая лаборатория» нагрудным знаком «Үздік байланысшы» награждены Кашкаров Павел Федорович и инженер по техническому обслуживанию оборудования сети телекоммуникаций Катон-Карагайского районного узла телекоммуникаций Байжуминова Назира Зайнолдиновна.
Профессия связиста всегда отличалась тем, что в ней бережно хранят традиции и существует профессиональная преемственность.
Данное мероприятие стало хорошей мотивацией для молодых сотрудников ОДТ.
