«Қазақтелеком» телекоммуникация қызметтеріне комиссиясыз төлеу мүмкіндігін ұсынады
«Қазақтелеком» АҚ абоненттері telecom.kz порталы арқылы комиссиясыз он-лайн телекоммуникация қызметтеріне төлеу мүмкіндігін алды.
«Қазақтелеком» компаниясы абоненттерге қызмет көрсетуді және ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарлату мақсатында, кері байланыс жүйесін тиімді етіп және телекоммуникация қызметтеріне онлайн тәртібінде telecom.kz порталында коммиссиясыз төлеу мүмкіндігін жасады.
Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудандарындағы «Қазақтелеком» АҚ желілік сервис пункттерінде абоненттер үшін сайттың басқа функциялары жөнінде абоненттерге компанияның қызметкерлерімен кеңес беру бойынша таныстыру нүктелер ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні облыстың 500-ден астам тұрғыны қызметтер, портал функциялары, «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне төлемдерді telecom.kz порталы арқылы банктердің төлем карталары арқылы комиссиясыз төлеуге болатындығы бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар, Интернетке қосылмаған Шығыс Қазақстанның тұрғындары телекоммуникация қызметтеріне төлемдерді бірыңғай «Төлем» төлеу карталары арқылы төлеу мүмкіндіктері бар. Бірыңғай картаны алу үшін жақын маңдағы «Қазақтелеком» АҚ желілік сервис пункттеріне хабарласу қажет.
Сондай-ақ, сайтқа тіркелген пайдаланушылар тіркелген, ұялы және спутниктік байланыстар, кәбілді және спутниктік теледидар, Интернет қызметтеріне, коммуналды және басқа төлемдерді жүргізе алады. Атап кететін болсақ, аталмыш төлем карталарының деректері порталда сақталмайды, төлемдер бөгде төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
Портал арқылы төлемді онлайн комиссиясыз жүргізу және басқада қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңесті алу үшін, абоненттер сайтта қоңырауға тапсырыс беріп немесе «160» нөмірі арқылы хабарласа алады.
Абоненттерге төлемді комиссиясыз онлайн жүргізу үшін:
- telecom.kz сайтына тіркеліңіз;
- Сайттың бастапқы парақшасындағы «Онлайн Төлеу» батырмасын басыңыз;
- Жаңа бет ашылғаннан кейін электронды поштаңыздың мекенжайын, дербес шотыңыздың немесе телефоныңыздың нөмірін және төлем сомасын жазыңыз;
- Дербес шотыңыздың нөмірін «Қазақтелекомның» түбіртегінен қарай аласыз;
- Енгізілген деректердің дұрыстығын қайтадан қарап шығу қажет;
- Көрсетілген барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Төлемге ауысу» батырмасын басыңыз;
- Бет ашылғаннан кейін банк карточкаңыздың нөмірін жазыңыз;
- Банк карточкаңыздың нөмірін және қажетті деректерді жазып, «ТӨЛЕУ» батырмасын басыңыз.
