Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Курчатов, Аягөз қалаларында және Шүлбі кентінде «Әмбебап нөмір» қызметі пайдалануға берілді

«Әмбебап нөмір» қызметі Курчатов, Аягөз қалаларының және Шүлбі кентінің тұрғындары үшін қолжетімді.


«Әмбебап нөмір» қызметі бір SIM-картада қалалық және ұялы нөмірді және жылдамдығы жоғары ALTEL4G  Интернетін біріктіреді.

Аталмыш топтама аясында абоненттерге күн сайын Қазақстан Республикасы бойынша қалалық және ауылдық нөмірлерге, «Алтел» желісі ішінде ұялы нөмірлерге тегін қоңыраулар жасау, сондай-ақ күн сайын «Алтел» желісі ішінде тегін SMS-хаттар мен 4G жоғары жылдамдықты ұтқыр Интернет қызметі ұсынылады. Қызмет тегін қосылады. Ай сайынғы абоненттік төлемақы 1990-нан 3990-ға дейін. «Әмбебап нөмір» топтамасы үшін төлемақыны айдың соңында бірыңғай шот бойынша жүргізуге, сөйтіп байланысқа жұмсалатын жалпы шығындарды бақылауға болады.

«Әмбебап нөмір» пайдаланымға енгізілген сәттен Курчатов, Аягөз қалалары мен Шүлбі кентінің көптеген тұрғындары қызметтің сапасы мен артықшылықтарын бағамдап көрді.  Олардың айтуынша қызмет өте ыңғайлы әрі үнемді көрінеді.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы абоненттерге «Премиум» топтамасына 37,6 % және «Стандарт+» топтамасына 27,7% көлемінде абоненттік төлемге 2 айлық жеңілдік ұсынып отыр.

Сондай-ақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан ОТД-сы Курчатов, Аягөз қалалары мен Шүлбі кентінің тұрғындары үшін LTE технологиясы бойынша «iD Net Wireless» брендімен жоғары жылдамдықтағы ұялы Интернет қызметін ұсынған болатын. Қажеттілігіне қарай ұялы Wi-Fi роутері 3 айға бөліп төлеумен беріледі.

«Әмбебап нөмір» қызметі туралы қосымша ақпаратты www.telecom.kz сайтынан, сондай-ақ «160», Курчатов қаласы мен Шүлбі кентінің тұрғындары үшін 8/7222/-509-888, Аягөз қаласының тұрғындары үшін 8/72337/-30382, 30020 телефондары және «Қазақтелеком» АҚ сервис желісі пункттері арқылы алуға болады.

http://telecom.kz/services/packages/view/universal-number

0
0
722

Осы тақырып бойынша

Курчатов, Аягөз қалаларында және Шүлбі кентінде «Әмбебап нөмір» қызметі пайдалануға берілді - Yvision.kz