Бүгінгі мемлекеттік қызмет: түйінді мәселелері мен болашағы
А.ж. 21 мамырда Ақмола облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Ақмола облысындағы басшы әкімшілік мемлекеттік лаузымдарына алғашқы рет тағайындалған қызметкерлерге арналған семинар өтті. Осы кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е. Жайықбаев қатысты. Сөз сөйлеуші тыңдармандардың назарына «Бүгінгі мемлекеттік қызмет: түйінді мәселелері мен болашағы» баяндамасын ұсынды. Баяндама барысында ол мемлекеттік қызмет өткеру, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлық бұзышылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен өзара әрекеттесу…

