Тәртіптік кеңес іс жүзінде
2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары- Тәртіптік кеңестің төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің отырысы өтті, онда лауазымды адамдардың мемлекеттік тәртіпті нығайту жөнінде есептері тыңдалды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы Ереженің 7-тармағының 1-тармақшасының талаптарына сәйкес, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-нің басшысы Ш.С. Жақытованың және «Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Малотимофеевка медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-нің директоры А.Т. Тоқбергеновтің Ақмола облысының медициналық-әлеуметтік мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау жөнінде есептері тыңдалды.
Қарау нәтижелері бойынша Тәртіптік кеңес медициналық-әлеуметтік мекемелерінің жұмысында кемшіліктерді көрсетіп, Ақмола облысының медициналық-әлеуметтік мекемелерінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөнінде ұсыныстарын жасады.
Сондай-ақ, «Егіндіқөл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Қ.А. Шынтеміров пен осы бөлімнің бас маманы Н.И. Хисматуллинаға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар мал шаруашылық өнімнің сапасын арттыру үшін жәрдемақша беру жөнінде «Қарлығаш» ҚШ, «Әсем» ҚШ, «Сарыарқа» ҚШ, «Ақжол» ЖК, «Бауманское-07» ЖШС өтінімдерін қарау кезінде әлденеше рет олардың құзыретіне жататын мәселелердің тәртібін бұзып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған.
Қарау нәтижелері бойынша Тәртіптік кеңес Қ.А. Шынтеміров пен
Н.И. Хисматуллинаны «қызметін төмендету» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартуға, ал мемлекеттік әкімішілік лауазымның бос орны болмаған жағдайда «қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсынды.
