Атбасар қаласында Ақмола облысының алты ауданы активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша шығыс аумақтық семинар-кеңес өткізілді
А.ж. 15 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай – Департамент ) 2015 жылдың төрт айлық қызмет қорытындысы бойынша Атбасар аудандық мәдениет үйінде Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайын аудандары активтерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты Департаменттің 2015 жылдың 4 айы ішінде атқарған қызметін қорытындылап, халықтың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру, мемлекеттік органдардың басымды бағыттарын айқындап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға, сонымен қатар жемқорлықтың алдын-алуға азаматтық қоғамдық институттарды кеңінен тарту болып табылды.
Кездесу барысында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін еңгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саясаттың нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістер жайлы мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар, Департамент өкілдері облыстың аумақтарында тұрғындардың барлық мақсаттық топтарының қатысуымен өтетін «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонмен таныстырып өтті.
Іс-шараға аудандар мен ауыл округтердің әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқықтық органдардың өкілдері, аудандық ҮЕҰ-дың, ЖҚБ-нің, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының, БАҚ өкілдері қатысты (шамамен 300 адам).
Кеңесте өз баяндамаларымен Атбасар ауданының әкімі Никишов А.Н., «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Есіл аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Ерденова А.С., Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы Собеский В.Б, сонымен қатар Атбасар, Жақсы аудандары әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім басшылары және Департамент қызметкерлері сөз сөйледі.
Келесі шығыс ауданаралық семинар-кеңес Целиноград ауданының Ақмол ауылында Целиноград, Қорғалжын, Аршалы, Ерементау, Ақкөл, Шортанды аудандары активтерінің қатысуымен өтеді.
