Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгі мемлекеттік қызмет: түйінді мәселелері мен болашағы

А.ж. 21 мамырда Ақмола облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында Ақмола облысындағы басшы әкімшілік мемлекеттік лаузымдарына алғашқы рет тағайындалған қызметкерлерге арналған семинар өтті. Осы кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е. Жайықбаев  қатысты.

Сөз сөйлеуші тыңдармандардың назарына «Бүгінгі мемлекеттік қызмет: түйінді мәселелері мен болашағы» баяндамасын ұсынды. Баяндама барысында ол мемлекеттік қызмет өткеру, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлық бұзышылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен өзара әрекеттесу  мәселелері бойынша Департаментпен атқарылып жатқан жұмыс туралы айтып өтті.

Сонымен қатар жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда өз бойларындағы моральды-этикалық құндылықтарын қайта қарауына, қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруіне, ағымдағы заңнама нормаларын қызметтік борышын өтеу барысында қатаң сақтануына ерекше көңіл бөлінді.

Алдағы уақытта осындай семинарлар мемлекеттік қызметкерлердің барлық категориялары, әсіресе басшы әкімшілік мемлекеттік лаузымдарына алғашқы рет тағайындалған қызметкерлер үшін  ұйымдастырылатын болады.

1
0
438

Осы тақырып бойынша

Бүгінгі мемлекеттік қызмет: түйінді мәселелері мен болашағы - Yvision.kz