Целиноград ауданындағы азаматтарды жеке қабылдау
2015 жылғы 20 мамырда «Нұр Отан» партиясының Целиноград аудандық филиалының ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің Төрағасы Қ. А. Жапақов азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, сонымен қатар ҚР Еңбек Кодексінің, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының, жер заңнамасының бұзышылықтары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері және өзге де сұрақтар қарастырылды.
Барлық келіп түскен өтініштерге нақты жауаптар беріліп, өзекті мәселелердің бірқатары ерекше бақылауға алынды. Қ.А. Жапақовтың жеке қабылдауына барлығы 11 азамат қатысты.
