Н.Ә. Исақов ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына орай 2015 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Әзімханұлы Исақов, Ұлы Отан соғысының ардагері Валентин Иванович Малаховты және еңбек ардагері Зүбайда Зәкірқызы Мұхамеджанованы барып құттықтады. Нұржан Әзімханұлы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ардагерлерге Жеңіске қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, әлеуметтік қолдау ретінде 100 мыңнан ақшалай сыйлықтарды табыс етті. Валентин Иванович 1923 жылы 30 шілдеде дүниеге келген, соғыс жылдары байланыс бөлімде командир болып азаматтық борышын өткерген. Марапаттаулары: екі Отан ордені, Жеңіс үшін, тың игергені үшін,…