Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Отанды сыбайлас жемқорлықтан қорғау парызың!

2015 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай - Департамент) қызметкерлері Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Кеңес Одағының каһарманы, қазақ халқының батыры, біздің жерлесіміз Мәлик Ғабдулиннің ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне Департаменттің басшысы, гененерал-майор Н.А. Исақов қатысты.

Ескерткішті ашу рәсімінде сөз сөйлеушілер кеңес сарбаздарының және Мәлік Ғабдуллиннің келешек ұрпақтың бейбітшілік пен келісімде, гүлденген мемлекет – Қазақстан Республикасында өмір сүруі үшін күш-жігерлерін жұмсағандығын, ерліктерін атап өтті.

Мерекелік іс-шара 500-ден астам әскери қызметкерлер, әскери институттардың курсанттары, қалада негізделген арнайы құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ орта мектеп оқушылары қатысқан салтанатты шерумен жалғасты.

Мерекелік іс-шара барысында Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорллыққа қарсы іс-қимыл туралы хабардар ететін жадынамаларды тарату арқылы өз азаматтық ұстанымдарын танытты, өйткені мемлекетті халыққа адал қызмет көрсету, Заңның сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу арқылы да қорғауға болады.

   

0
0
609

Осы тақырып бойынша