Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Сандықтау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» облыстық марафоны қарқынды өтуде

Сандықтау ауданының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен 2015 жылдың 19 маусымында Балкашин селосындағы «Урожай» стадионында «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон аясында жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырылды.

Іс-шара басталмас бұрын жиналғандардың алдында «Нұр Отан» партиясының Сандықтау аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.А. Есімбаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бұл іс-шараның халықты салауатты өмір салтын ұстанып, адал өмір сүруге баулуға бағытталғанын айтып, әрбір мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік «иммунитет» болуы керек екендігін ескертті. Сонымен қатар, аудандағы әрбір мемлекеттік қызметші өз ісіне адал, әрі кәсіби білікті екендігіне сенім білдіріп, сайыста сәттілік тіледі.

Жеңіл атлетикалық жүгіру сайысына шамамен 200 мемлекеттік қызметші қатысты.

0
0
435

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара

2015 жылғы 23 маусымда Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында Мемлекеттік қызметші күні құрметіне салтанатты жиын өтті.

Бұл мейрам біздің елімізде жуырдан бастап мерекеленеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 716 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына толықтырулар енгізілді. Осылайша, 23 маусым  «Мемлекеттік қызметші күні» деп жарияланды.

Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың,  үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік қызметтің ардагерлері шақырылды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімінен  басталды.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтады, мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілерін табыс етті және алғыс хаттармен марапаттады.

ҚР Мемлекеттік қызмет және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің  басшысы Нұржан Исақов құттықтау сөз сөйледі және көпжылғы еңбектері мен мүлтіксіз қызметтері үшін  мемлекеттік қызметшілерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгілері Ақмола облысының дін істері басқармасының басшысы Сәуле  Ыбраеваға, Ақмола облысы құрылыс басқармасының бас маманы Әсима Исмағұловаға, Аршалы ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Елена  Андрухке, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғалия Ташкинаға, Бурабай ауданы әкімі аппаратының бас маманы – Бауыржан  Бимурзинге табыс етілді.

Сондай ақ, іс-шараға қатысушыларға мемлекеттік қызметтің ардагерлері Марат Құлмағамбетов пен Павел Трищ бата тілектерін білдірді.

Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

1
0
2429

Жас мемлекеттік қызметшілермен тілдесу

2015 жылғы 18 маусымда Ақмола облысының түпкір-түпкірінен келген жас мемлекеттік қызметшілермен және мемелекеттік қызметке енді ғана орналасқан  мамандармен аумақтық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Бекахметованың қатысуымен «диалог алаңы» болып өтті.

Іс-шараға қатысушылармен қазіргі кездегі мемелекеттік қызмет өткеру мәселелері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының нәтижелілігі, азаматтық қоғамның белсенділігі, бұқаралық ақпарат құралдарының ролі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру жолында жемқорлық мәселесіне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды, теріс стериотиптерді  өзгерту процессінің маңыздылығы, өзгерістерге қарсылық танытудың себеп-салдары талқыланды.

Сонымен қатар, ұжымда белгілі бір келісімге келіп, мәселелерді шешу тәсілдері қарастырылды. Күнделікті қызмет барысында кездесетін жағдайлардан мысалдар келтіріліп, мәселелерді шешу жолдары бірлесе іздестірілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты жадынамалар таратылып, сауалнамалар толтырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарумен осы іс-шара барысында 49 адам қамтылды.

1
0
222

Бұзышылық салдарын талқылағанша олардың алдын алу жөн

2015 жылдың 12 маусымында Ақмоланың мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кеңес өткізілді.

Аталған іс-шараның жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің консультанты Т. Жакеев пен Ақмола облыстық Прокуратурасының аға прокуроры А. Қалыбеков қатысты.

Іс-шараның барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге  асырудың негізгі жолдары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарын алдын алу саласында құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдер талқыланды.

Сонымен қатар, сөз сөйлеушілер Ақмолалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылыктар мен қылмыстарды болдырмау саласында 2015 жылдың бес айында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық  салдарымен күресу емес, оның алдын алу басымдық болып табылатындығын атап өтті.

Іс-шараның соңында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы жадынамалар таратылды және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша көз қарасын анықтауға арналаған сауалнама жүргізілді.

 

1
0
436

Зеренді ауданында жадынамаларды тарату бойынша ақпараттық акция өткізілді

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында 2015 жылғы 10 маусымда Зеренді ауданында «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы жадынамаларды тарату бойынша ақпараттық акция өткізілді.

Аталмыш акцияға аудандық әкімі аппаратының, ішкі саясат бөлімінің, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің, құрылыс бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және тағы да басқа мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Барлығы 30 адам.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамаларды таратумен қоса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарды болдырмау және азаматтарды сенім телефондары және 1494 call орталығы туралы хабардар ету түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
413

«Сыбайлас жемқорлық: ұтыс па немесе залал ма?» үлгілі дебат

2015 жылдың 9 маусымында сыбайлас жемқорыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты  марафоны аясында Зеренді ауданының Достық орталығында «Сыбайлас жемқорлық: ұтыс па немесе залал ма?» тақырыбына ауыл жастары арасында үлгілі пікір сайыс ойындары өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты ауданның жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша азаматтық ұстанымды үйлестіру.

Үлгілі дебаттар қортындысы бойынша жиналған көрермендермен сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісі – әлеуметтік зұлымдық, сондықтан оны жою үшін бүкіл қоғамның және мемлекеттік биліктің күш- жігері қажет екендігі туралы  пікірлер айтылды.

 

0
0
3536

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен 2015 жылдың бес айында атқарған қызметі туралы ақпараттандыру бойынша брифинг

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай - Департамент) 2015 жылдың басынан атқарған қызметі қорытындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында 2015 ж. 4 маусымында «Ақмола медиа орталығы» базасында қалалық, аудандық, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылуымен  брифинг өткізілді.

Мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е. Жайықбаев сөз сөйледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы Департаменттің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Ж. Рамазанов  баяндады.

Брифинг қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Еңбекшілдер ауданының «Жаңа дәуір – Сельская новь» газетінің бас редакторы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын айқындауда сенім телефондарының тиімділігі қандай?» деген сұрақ қойса, «Акмолинская правда» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының динамикасы қызықтырды, Көкшетау қалалық «Любимый город» атты газеттің өкілі Ақмола облысында қай салада сыбайлас жемқорлық фактілері жиі орын алатындығы туралы сұрады.

Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Іс-шараға 30-дан астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

0
0
499

Жемқорлыққа қарсы марафон жалғасуда

19 мамырында Ақмола облысында өз бастауын алған  «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонының (әрі қарай – Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы марафон) аясында 2015 ж. 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен (әрі қарай – Департамент) Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесе отырып Көкшетау қаласы активінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі,                    «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін еңгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саясаттың нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістер жайлы мәселелер қарастырылды, облыстың аумақтарында тұрғындардың барлық мақсаттық топтарының қатысуымен өтетін Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы марафонының мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Көкшетау қаласында өз бастауын алған аталмыш марафонның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар Көкшетауда а.ж.                         25 мамыры мен 3 маусым аралығында өтіп жатқандығын, әрі қарай «эстафета» Ақмола облысының Зеренді ауданына, одан кейін рет ретімен облыстың барлық аудандарына тапсырылатындығын атап өту қажет.

Семинар – кеңестің жұмысына  «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімі төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мектеп директорлары, қалалық ҮЕҰ-дың, ЖҚБ-нің, ұйымдар мен мекемелердің, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының, БАҚ өкілдері қатысты.

1
0
267

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жалтару мүмкін емес

Ақмола облысының әкімшілігі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Қ.А. Жапақов  «ҚР заңнамасы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылу» тақырыбында сөз сөйледі.

Аталмыш тақырып тыңдармандардың қызығушылығын тудырды. Сұхбат барысында Қ.А. Жапақов мемлекеттік қызмет саласы мен Тәртіптік кеңеспен облыс аумағында жүргізіліп жатқан іс-шаралары туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалғандығын, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңдарының қабылдануымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалғандығын, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайғандығын, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін бағалау және оның сапасын сыртқы бақылау жүйесінің қалыптастырылғандығын атап өтті.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, өздерін моральды-этикалық жағынан ұстаудың стандарттарын қайта қарастырып, ҚР-ның ағымдағы заңнама нормаларын өзінің қызметтік борышын өтеу барысында қатаң сақтау қажет екендігі туралы ой түйгендіктерін айтып өтті.

1
0
383

«Орта жалақы алатын жас мемлекеттік қызметші парадан бас тарта ма?!»

2015 жылғы 19 мамырда ҚР МЕмлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшылығымен өткен брифинкте бастау алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны аясында, 2015 жылғы 26 мамырда Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында  «Осы Кандидат - орта жалақы алатын, әйелі мен баласы бар жас мемлекеттік қызметші, парадан бас тарта ма?!» тақырыбында пікір сайысшылардың көрсетілім ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл төңірегіндегі мемлекеттік саясатты түсіндіру, оны жетілдірудің тетіктерін қарастыру, жастарда ар-намыс, жоғары моральды-этикалық нормалар мен құндылықтарды жандандыру, Отанымыздың болашағы үшін адал қызмет пен таза бәсекелестік қағидаттарын ұстануды дәріптеу болып табылады.

Ойын «Линкольн-Дуглас» нысанында өтіп, әр қатысушыға өз көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.

1
0
590