Ақмол аулында Ақмола облысының алты ауданы активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша шығыс аумақтық семинар-кеңес өткізілді
А.ж. 20 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай – Департамент) 2015 жылдың төрт айлық қызмет қорытындысы бойынша Целиноград аудандық мәдениет үйінде Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград аудандары активтерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет өткеру сұрақтары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі мәселелер қарастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саясаттың нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдістер жайлы тақырптар ерекше назарға алынды.
Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіруге бағытталған және облыстың аумақтарында тұрғындардың барлық мақсаттық топтарының қатысуымен өтетін «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонды бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарды болдырмау жөніндегі жүргізілген жұмыс туралы баяндамалармен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкімдері және әкімдердің орынбасарлары сөз сөйледі.
Жалпы семинар-кеңеске шамамен 250 адам қатысты: аудандар мен ауыл округтердің әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқықтық органдардың өкілдері, аудандық ҮЕҰ-дың, ЖҚБ-нің, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының, БАҚ өкілдері қатысты.

