Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғарғы оқу орындарының бітірушілерімен кездесу

А.ж. 15 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) А.Мырзахметов атындағы университетінің базасында студент жастармен кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту.

Кездесуге Департаменттің, облыс әкімі аппаратының, Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, оқытушылар құрамы мен студенттер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

«Кәсіби мемлекеттік аппарат құру - мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды шарты» тақырыбына Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е.Жайықбаев баяндама жасады.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Темірханова ақпараттандырды.

Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі М.Бексейітова мен «ЖІГЕР» жас мемлекеттік қызметшілер клубының Президенті Д.Серғазинаның баяндамалары мазмұнды болды. Олар жас мамандарды жұмыспен қамту аясындағы еңбек нарығының жағдайы, ЖОО бітірушілердің жастар іс-тәжірибесінен өту тәртібі, сондай-ақ «ЖІГЕР» жас мемлекеттік қызметшілер клубының жұмысы жайлы айтты.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюда «бос микрофон» мүмкіндігін белсенді қолданып, қойған сұрақтарына толық жауап алды.

 
0
0
172

Осы тақырып бойынша

Жоғарғы оқу орындарының бітірушілерімен кездесу - Yvision.kz