Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы және кеңес мүшелері азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді
А.ж. 12 шілдеде Зеренді ауданы әкімдігінің аппаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы және кеңес мүшелері азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді Зеренді ауылдық округінің бас маман-бухгалтері Қ. Ақмағанбетова мемлекеттік қызмет саласында нақты өтілі бар қызметкерлер жұмысқа қайта алынғанда есептелетін еңбекақы мәселесі жөнінде сауал қойды. «2015 жылы мен зейнеткерлік жасқа жеттім. Менімен жасасқан еңбек шарты бір жылға ұзартылған болатын. Қазіргі таңда мен кәмелет жасына толмаған баланың қамқоршысы болып табыламын, орын алған жағдайларды назарға ала отырып, еңбек шартын тағы бір жылға ұзартуға бола ма?», – Департамент басшысы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің басшы…
