Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тағы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті тәрбиелеу негіздері туралы...

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру  жөніндегі оқыту курстары бағдарламасының шеңберінде «ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ аудандық инспекторларға арнап ұйымдастырған жұмыс кеңесіне қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері М.Ахметқалиев өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты, іс-шараға қатысушыларды «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонына қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар  қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді, ал, жануарлар дүниесі мен аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы А.  Лисовский аңшылық билеттерін беру  функцияларын «бір терезе» қағидаты бойынша ХҚКО беру мәселесін қарастырудың қажеттілігі туралы ұсыныс берді.

Іс- шараға 23 шақты адам қатысты.

0
0
426

Осы тақырып бойынша

Тағы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті тәрбиелеу негіздері туралы... - Yvision.kz