«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Ерейментау ауданында
А.ж. 4 шілдеде Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды» орындау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағыты бойынша Степногорск қаласының өкілдері «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасын Ерейментау ауданына салтанатты түрде табыс етті.
Эстафетаны салтанатты түрде қабылдағаннан кейін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Е. Нұғмановтың төрағалық етуімен келесі күн тәртібі бойынша кеңес өткізілді:
- Облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының Ерейментау ауданында жүзеге асырылуы туралы.
Кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі Е. Нұғманов қала әкіміне және аудандық қызметтердің басшыларына тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, 5 шілде күні «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында аудандық мәслихат депутаттарының, дербес бөлімдердің, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен баскетболдан жастар арасындағы турнир өтті.
Турнирдің жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

