Көкшетауда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары жөнінде семинар өтті.
2016 ж. 5 шілдеде Көкшетау қаласында, Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бас маманы Қ. Х. Уажанов қатысты.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, оның алдағы 10 жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі жіәне сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

