Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді
А.ж 1 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында семинар өткізді. Кездесу барысында департаменттің өкілі Қазақстан Қеспубликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының негізгі бағыттары мен түйінді тұстарын түсіндірді. Өзінің сөйлеген сөзінде Департамент қызметкері Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік…



