Конституция тұрақтылық кепілі!
2016 жылдың 29 тамызында Астрахан ауданының орталық мәдениет үйінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Аталған жиналысқа ауданның ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Алғашқы құттықтау сөз аудандық мәслихат хатшысы М. Қ. Қожахметке беріліп, Астрахан ауданы әкімінің атынан құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімімен жалғасты.
М.Қожахмет «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ауданда өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты және жиналғандарды іс-шараларға қатысуға шақырды.
Аталған салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты.

