Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік органдардың ұжымдарымен кезекті кездесу өтті

А.ж. 30 тамызы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы мәдениет басқармасының (дұдан әрі – Басқарма ) ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың негізгі тетіктері» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу  барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның практикалық қолданысы және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға   Ақмола облысының балаларының сыбайлас жемқорлыққа көзқарастары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Кездесу сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге 15-тен  астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
361

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік органдардың ұжымдарымен кезекті кездесу өтті - Yvision.kz