Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Қызмет алушыларға арналған азаматтарды қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Ақмола облысы бойынша «ХҚКО» Департаменті арасында жасасқан меморандум аясында апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

А.ж. 6 қыркүйек күні «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері Е. Кенжалин қызмет алушыларды олардың мемлекеттік қызметті алған кездегі құқықтары туралы хабардар етті.

Департамент госслужбы

0
0
261

Түлектер қауымдастығы: менің таңдауым мемлекеттік қызмет

А.ж.  07 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті белсенді, бастамашыл, жасампаз, оқу мен ғылым саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген,    облыс пен қаланың қоғамдық өміріне белсенді ат салысатын жастардан құралған ЖОО-ның 2016 жылғы түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы                        Р. Братаева қатысушыларды мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, меритократия, әдептілік принциптері, мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру туралы ақпараттандырды.

Түлектер  аталған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты және туындаған сұрақтарына жауап алды.

Департамент госслужбы

0
0
477

Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі бағыттары

А. ж. 6 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Г. Евниева Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының базасында «Мемлекеттік қызметтің жаңғыртуы» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Іс-шара өткізу барысында басқарма мамандарына бос лауазымдарға конкурстарды өткізу, жаңа біліктілік талаптары, тағылымдама, тәлімгерлік, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша түсініктеме берілді.

Диалог алаңын өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 19 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
394

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің қағидаттарын қолдайды

А.ж. 6 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкері Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәріс барысында Е. Сүлейменов Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары айқындалғанын, қызметтен тыс уақыттағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленгені туралы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған морал…

0
0
374

Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

А.ж. 5 қыркүйекте Ақмола облысы қазынашылық департаментінің ұжымымен «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Д. Каконов қатысты. Кездесу барысында Д. Каконов тыңдаушылардың назарын Қазақстан Қеспубликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды. Сонымен қатар, спикер ұжымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 2015 жыл бойынша…

0
0
251

Ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

А.ж. 5 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу   басқармасының қызметкері Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С. Беккажанова қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ұғымын  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысын әрі қарай жалғастыру туралы және Департаменттің қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа бағытталған жұмыс туралы әңгімеледі.

Іс-шара соңындақатысушылар сауалнама толтырды және қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
273

«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» тақырыбындағы кітап көрмесі

А.ж. 24 тамызынан 7 қыркүйегіне дейін Астраханка ауылының орталық аудандық кітапханасында  «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» кітап көрмесі өткізілуде.

Кітап көрмесі тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы туралы ақпараттандыруға,  өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз көзқараста тәрбиелеуге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға тартуға бағытталған.

Көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдар  бойынша кітаптар, кітапшалар және газет-журналдардың мақалалары мен құқықтық актілер, сондайақ, Қазақстандағысыбайлас жемқорлықтың ауқымын және оған қарсы күресті сипаттайтын деректі материалдардың сюжеттері қойылған.

Департамент госслужбы

0
0
1937

«Бұны әркімнің білуі тиіс»

А.ж. 2 қыркүйекте «Адал  жол– Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Астрахан аудандық кітапханасында  мәдениет саласының қызметкерлерімен және кітапхана оқырмандарымен «Бұны әркімнің білуі тиіс» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Марафон сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастрыуға шақыратындығын, осы әлеуметтік келеңсіздікке қарсы күрес жүргізілуге тиіс екенін еске салуға бағытталған.

Ақпараттық сағаттың қатысушылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының баптарымен танысты. Тақырыпты  жалғастыра келе, қатысушылар «Сіздің сыбайлас жемқорлыққа көзқарасыңыз» тақырыбындағы сауалға қатысты.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
396

Қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенім білдіруі

А.ж. 2 қыркүйекте түсініктемелік іс-шаралар аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» аталған буклеттерді тарату акциясын ұйымдастырды Қала көшелерінде буклеттерді тарата жүріп Департамент қызметкерлері қала тұрғындарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сенім телефоны туралы баяндады, сыбайлас жемқорлық озбырлық орын алған жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді. Іс-шарағахалықтың барлық топтары қатысты, барлығы 120 адамнан астам. Акцияның сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын туғызу үшін маңыздылығын және акцияға қатысушылардың оң пікірлерін атап өткен жөн, осындай іс-шаралар т…

0
0
450