«Бермейміз- алмаймыз!»
2016 жылдың 30 тамызы күні Астраханка ауылының орталық алаңында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында «Бермейміз- алмаймыз!» атты жастар акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, бұл сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға Астрахан ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ұйымдардың жас мемлекеттік қызметшілері қатысты, барлығы 21 адам.

