Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында ақпараттық оқу өткізілді

2017 жылғы 24 қарашада Көкшетау қалалық мұрағаты қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында аппараттық жиналыс өткізілді. Аппараттық жиналысқа Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы А.Галеева қатысты.

Кездесу барысында Департамент қызметкері мемлекеттік мекеме ұжымы мүшелерін жемқорлыққа қарсы стратегиямен, оның мақсаты, басым бағыттарымен және әдістерімен таныстырды, сондай-ақ, Департаментпен жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолданылған шаралар жөнінде баян етті.

Кездесу соңында А.Галеева жемқорлыыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараға барлығы 20 адам қатысты.

0
0
252

Көкшетауда мемлекеттік қызметтің жаңа институттарын түсіндіру жүргізілуде

А.ж. 24 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Көкшетау қаласының әкімдігінде қала әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің, сондай-ақ, байқаушылар пулы мен тәлімгерлер резервінде тұрған тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің, қаланың жергілікті атқарушы органдарында жастар тәжірибесінен өтіп жүрген азаматтарға арналған семинар өткізілді. Семинар барысында Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудің, маңсаптық өсудің, әлеуметтік қорғаудың, кадрларды кәсіби даярлаудың, жұмыс нәтижесі бойынша ақы төлеудің жаңа қағидаттары туралы сөз қозғалды. Мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу, мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімі мен тәлімгер…

0
0
323

Құқық қорғау органдарына орналасу мәселесі талқыланды

А.ж. 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарына орналасу мәселесі талқыланды. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Евниева дөңгелек үстел қатысушыларын кездесудің мақсатымен таныстырып, жастар арасында құқық қорғау органдарына орналасу тәртібін түсіндіру жұмысының маңыздылығына ерекше назар аударды. Ақмола облысының ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері жастар арасында өткізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, құқық қорғау органдарына іріктеу кезіндегі ерекшеліктер жөнінде егжей-тегжей…

0
0
429

Ата-аналар қауымы жемқорлыққа қарсы

А.ж. 22 қарашада Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясында ата-аналар жиналыстары өтті. 2 «в» сыныбы оқушыларымен өткізілген жиналысқа Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты. Мектептегі алым-салық көп жылдардан бері өзекті мәселе болып келе жатыр. Заңға қайшы болса да, ата-аналардан ақша жинау орын алуда, және алым сомалары күннен күнге ұлғая түсуде. Ата-аналардан оқулықтарға, күзетке, жөндеуге, тағы басқа көптеген нәрселерге ақша тапсыруды өтінеді. Негізінен ата-аналардың басым бөлігі құпия ережелерге бағынып, мектепке кезекті соманы әкеліп береді. Ата -аналарға осы мәселенің шешімін табу үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілгені түсіндірілді.…

0
0
788

«Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғамда өмір сүруге қалай дайындалуға болады»

А.ж. 22 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру және Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көппрофильді гимназиясында «Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғамда өмір сүруге қалай дайындалуға болады» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ құқық пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ә. Ахетованың, 10сынып оқушыларының және Департаменттің қызметкері С. Беккажанованың қатысуымен өтті. Сабақтың мақсаты: жастар ортасында жемқорлыққа қарсы сананы тәрбиелеу, оқушылардың азаматтық жауапты, әлеуметтік тұрғыда белсенді тобын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тұлғаның жем…

0
0
485

«Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз»

А.ж. 21 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру және Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №6 орта мектебінің 3 сынып оқушылары «Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында театрландырылған миниатюралар қойылды. Іс-шараға Департаменттің қызметкері Беккажанова С.қатысты. Оқушылар мини-қойылымдарды көрсету арқылы сыбайлас жемқорлық деген не? Жемқорлықтың себептері қандай? тәрізді сұрақтарға өздері жауап берді. Іс-шара барысында балалар пара алуға және беруге болмайтындығы, көздеген мақсаттарға адалдық пен еңбексүйгіштік арқылы жетуге тырысу керек екені тура…

0
0
769

Көкшетау техникалық институтының курсанттарымен кездесу

А. ж 23 қарашада Департамент ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының сырттай оқу бөлімінің 4 курс курсанттарымен «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып отырған қызметінің негізгі бағыттары туралы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа…

0
0
392

Егіндікөл ауданының оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында Егіндікөл ауылының орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ашық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жемқорлық, оның пайда болу, даму себептері туралы оқушылардың теориялық білім деңгейін толықтыру, нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, белсенді өмір ұстанымын тәрбиелеу, оқушыларға жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық шараларын үйрету. Іс-шара барысында жемқорлықтың кездесуі мүмкін жеке жағдайлары қаралып, жемқорлық көріністерін жою немесе азайту шараларыталқыланды. Іс-шара екі команданың қатысуымен, сайыс түрінде өтті. Ойы…

0
0
1446

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!

А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында Астрахан ауданы Жалтыр ауылдық округінің мәдениет үйінде№4 Жалтыр орта мектебінің бастамашылығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» Форумы болып өтті. Форумды өткізудің мақсаты – мектеп оқушыларының елдегі болып жатқан өзгерістерге ортақтық сезімін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, белсенді өмірлік ұстанымды, сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, №4 Жалтыр орта мектебінің директоры А. Башимова Форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Сонымен бірге форумға қонақтар – аудандық мәслихаттың депутаты А. Мальков., аудандық білім бөлімі басшысының м.а. А. Асқаров, Жалтыр ауылды…

0
0
497

Әдеп кодексі – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алудың негізі

А.ж. 17 қарашада  Ақмола облысының  соттар әкімшісі Ақмола облыстық сотының қызметкерлері мен сот кеңселерінің меңгерушілері  арасында семинар өткізілді.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары  Д.Хайруллин  қатысты.

Өз сөзінде Д. Хайруллин  Әдеп кодексінің негізгі аспектілерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды сақтау нормаларын түсіндірді.

Іс-шараға 70 адам қатысты.

0
0
265