«Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғамда өмір сүруге қалай дайындалуға болады»
А.ж. 22 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру және Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көппрофильді гимназиясында «Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғамда өмір сүруге қалай дайындалуға болады» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ құқық пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ә. Ахетованың, 10сынып оқушыларының және Департаменттің қызметкері С. Беккажанованың қатысуымен өтті.
Сабақтың мақсаты: жастар ортасында жемқорлыққа қарсы сананы тәрбиелеу, оқушылардың азаматтық жауапты, әлеуметтік тұрғыда белсенді тобын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тұлғаның жемқорлыққа қарсы орнықты дағдыларын қалыптастыру
Сабақ ашық сұхбат түрінде өтті және сабақ барысында балалар «сыбайлас жемқорлық» және «құқықтық мемлекет» ұғымдарының толық анықтамасын алды.
Сабақтың соңында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұтас қоғамның, әрқайсымыздың ісіміз екені жөнінде қорытындыға келді.
