Егіндікөл ауданының оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында Егіндікөл ауылының орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ашық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: жемқорлық, оның пайда болу, даму себептері туралы оқушылардың теориялық білім деңгейін толықтыру, нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, белсенді өмір ұстанымын тәрбиелеу, оқушыларға жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық шараларын үйрету.
Іс-шара барысында жемқорлықтың кездесуі мүмкін жеке жағдайлары қаралып, жемқорлық көріністерін жою немесе азайту шараларыталқыланды.
Іс-шара екі команданың қатысуымен, сайыс түрінде өтті.
Ойын соңында оқушылар сыбайлас жемқорлық қандай күшті жау болса да, оған қарсы күресуге және оны жеңуге болатындығы жөніндегі ортақ пікірге келді.
