Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Жақсы және Атбасар аудандарына жұмыс сапары

А.ж. 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы және қызметкерлері  Жақсы және Атбасар аудандарына жұмыс сапарымен келді. 

Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Жақсы ауданы, Атбасар ауданы, Белағаш, Жаңақима, Борисовка ауылдары әкімдері аппараты қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, аудандардың Халыққа қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік кірістер басқармаларына, ішкі істер бөлімдері мен көші-қон бөлімдеріне, тіркеу-емтихан бөлімі мен «Атбасар» кедендік постына барды.

Сонымен қатар, аталған ауылдық округтері әкімдіктерінде азаматтарды жеке мәселелері ойынша қабылдау жүргізді.

Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және  мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігі мәселелеріне ерекше назар аударды.  

Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, сапалы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің бірлесе әрекетіне байланысты екенін атап көрсетті.

Рабочая поездка в  Жаксынский и Атбаарский районы 

06 декабря т.г. состоялась рабочая поездка руководителя и сотрудников Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействия коррупции по Акмолинской области в Жаксынский и Атбасарский районы.

В ходе визита Б.Беспалинов встретился с сотрудниками аппаратов  акимов Жаксынского и Атбасарского районов, с.Белагаш, Борисовка, Жанакиима, а также посетил Центр обслуживания населения данных районов, районные отделы внутренних дел, отделы миграции,  управления государственных доходов,  районный  регистрационно-экзаменационный отдел  и таможенный пост «Атбасар».

Также, проведен прием граждан по личным вопросам в акиматах сельских округов. 

В  мероприятиях глава Департамента уделил особое внимание формированию антикоррупцинной культуры, повышению имиджа государственных служащих и   качеству оказания государственных услуг, их доступности для людей с ограниченными возможностями.

В завершении руководитель ведомства ответил на вопросы участников, которые возникали в ходе встречи и отметил, что формирование качественного госаппарата напрямую зависит от совместных усилий общества и государства.

0
0
384

Превенция сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде

2017 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Ақмола облысының мәдениет басқармасымен және басқа мүдделі мекелермен бірлесіп «Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты азайту» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. 

Іс-шараның модераторы – Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы С. Бөрібаева. Семинар-кеңестің жұмысына Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е. Кенжалин,

Ақмола облысының тексеру комиссиясының басшысы М. Мұстафин, Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі М. Решетняк,  дербес мәдениет және тілді дамыту бөлімдерінің, аудандық мәдениет үйлерінің, орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары  қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына қатысты және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Сонымен бірге, ағымдағы жылда Департаменттің  Ақмола облысының мәдениет басқармасы мен оның бағынысты ұйымдарының, сонымен қатар, Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту дербес бөлімінің қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін атап өткен жөн. Кеңес барысында талдау нәтижелері де талқыланды.  

Кеңеске қатысушылар  қойған сұрақтарына түбегейлі жауап алды.

Семинар-кеңеске 60 адам қатысты. 

Превенция как противодействие коррупции

4 декабря 2017г. Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области совместно с Управлением культуры Акмолинской области и др. заинтересованными органами проведено семинар-совещание на тему: «Минимизация коррупционных правонарушений в сфере культуры».

Модератором мероприятия выступила руководитель управления культуры Акмолинской области С. Бурбаева. В работе семинар-совещания приняли участие руководитель Управления профилактики коррупции Департамента Е. Кенжалин, руководитель Ревизионной комиссии по Акмолинской области М. Мустафин, представитель Департамента внутреннего аудита по Акмолинской области М. Решетняк, руководители  самостоятельных отделов культуры и развития языков, районных домов культуры, централизованных библиотечных систем.

В ходе семинар-совещания были освещены вопросы, практического применения Закона «О противодействии коррупции» и реализации Антикоррупционной стратегии РК на 2015-2025 гг. На примерах рассмотрены и разобраны основные причины и условия, способствующие правонарушениям коррупционного характера.

Вместе с тем, необходимо отметить Департаментом в текущем году  проведен внешний анализ в деятельности Управления культуры Акмолинской области и его подведомственных организациях, а также в деятельности самостоятельного отдела культуры и развития языков Атбасарского района результаты которых также были подробно обсуждены на совещании. 

Участники совещания получили исчерпывающие ответы на интересующие вопросы.

В семинар-совещаний приняли участие порядка 60 человек.

0
0
451

Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары Басқармасындағы семинар

Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары Басқармасындағы семинар

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру және олардың мемлекеттік қызмет саласындағы құқықтарын сақтау мақсатында а.ж. 29 қарашада Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметшілерімен мемлекеттік қызмет саласында заңнама мен тәртіптік практика мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е.Сүлейменов мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бойынша түсініктеме берді.

Сондай-ақ, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша І институционалдық реформасының аясында енгізілген конкурстық іріктеу, мансапық өсу, әлеуметтік қорғау, кадрларды дайындау, нәтиже бойынша еңбекақы төлеу бойынша жаңақағидалардың жүзеге асырылуына мүмкіндік берген заңнама номалары түсіндірілді.

Кездесуді өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 10 адам қатысты.

Семинар в Управлении пассажирского транспорта и автомобильных дорог

В целях повышения эффективности работы государственных служащих и соблюдения ими законодательства в сфере государственной службы 29 ноября т.г. Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области проведен семинар в Управлении пассажирского транспорта и автомобильных дорог Акмолинской области по вопросам законодательства в сфере государственной службы и дисциплинарной практики.

В ходе семинара главным специалистом Управления контроля в сфере государственной службы Департамента Е.Сулейменовым были даны разъяснения касательно правил наложения дисциплинарных взысканий на государственных служащих.

Далее, освещены нормы законодательства внедренные в рамках реализации І институциональной реформы Плана нации – 100 конкретных шагов по формированию профессионального государственного аппарата, предусматривающие новые принципы конкурсного отбора, карьерного продвижения, социальной защиты, профессиональной подготовки кадров, установления оплаты труда по результатам.

На возникшие в ходе встречи вопросы были даны исчерпывающие ответы. Мероприятием охвачено 10 человек.

0
0
291

Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2017 жылғы 28 қарашада Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ғимаратында Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы, өңірдің спорттық мектептері директорлары, дене шынықтыру және спорт бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Д.Каконов қатысты.

Кездесу барысында Д.Каконов тыңдаушылардың назарын ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарына, жемқорлық көріністерінің барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың әдістеріне аударды.

Кездесу соңында жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Кездесуге 50 астам  тыңдаушы қатысты.

 
0
0
418

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

2017 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы                        Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің басшысы Н.А. Патюткинаның қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы есебі және Аршалы ауданы әкімі аппараты басшысының м.а. Л.С. Асанованың, Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының м.а. Р.А. Абдуахитовтың, Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Тушановтың кадр алмасушылығын төмендету және азаматтардың өтініштерін қарау бойынша  орындалған жұмыс туралы есептері тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.

 
0
0
434

Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жемқорлыққа қарсы!

А.ж. 28 қарашада Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас практикумы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р. Братаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Исмагамбетова, НЗМ оқытушылары, оқушылары, Департамент қызметшілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

Практикум пікірталас және оқушылар мен Департамент өкілдері арасындағы ашық диалог түрінде өтті.

Практикумға қатысушылар 4 топқа бөлініп, белгіленген уақыт ішінде  «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының, Неге  қоғамда «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады?» сынды   және т.б. сұрақтардың мағынасын ашуға тырысты. Дайындықтан соң өз жобаларын қорғады. Бұл кезде көрермен ретінде залда отырған балалар мен Департамент өкілдері арасында сұхбат өрбіді.

Балалар қонақтарға басшы болу үшін қандай қасиеттер керек екені, Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын қалай жүргізіп отырғандары туралы, мемлекеттік қызметшінің қандай болуыф тиіс, т.б. сұрақтарды қойды.

Практикум  жайдары, көңілді өтті, шараға қатысушылар әрқашан адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге өз мүмкіншіліктері арқылы  жетуге тырысу керек екндігі жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

       
0
0
852

Ақмола облысының студенттері мен мектеп оқушылары республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияға қатысты

А.ж. 29 қ арашасы күні Ақмола облысының барлық  жоғары оқу орындарында, колледждері мен мектептерінде профессорлық-оқытушылық құрамның,  мұғалімдердің, студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірыңғай ақпараттық сағат өтті.

Ақпараттық сағат аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  түсіндіру және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелері бойынша сұхбат алаңдары, театрландырылған қойылымдар, флешмобтар өткізілді.

     
0
0
656

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

2017 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау шараларының нәтижелері жөнінде департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов сонымен қатар, салық қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы  Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары  - Алимов Қанат Темиргалиұлы сөз сөйледі.

Сонымен бірге, бағыныстағы салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндамамен Енбекшілдер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі   басшысының орынбасары Назгул Халелқызы Қулағнанова, Есіл қаласының әкімі - Ғазиз Мұхитұлы Айтмұхамбетов, Щучинск қаласының әкімі - Бегахмет Сабыржұлы Махметов тындалды.

Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

     
0
0
579

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапалы болуы– тұрмыстық жемқорлықты жоюдың кепілі

А.ж. 24 қарашада 2017 жылға арналған Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарға сәйкес Департамент Сандықтау және Бұланды аудандарында  «Ветеринариялық – санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараларда Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы, ветеринария бөлімдері мамандары мен басшылары, аудандық ветеринарлық дәрігерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Департамент қызметкерлерімен және кездесу қатысушыларымен мемлекет пен қоғам өміріндегі түрлі салалардағы орын алатын жемқорлық көріністерін, олардың себептері мен шарттарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, баяндады, жемқорлық көріністерін азайту және жоюға, азаматтардың жергілікті атқарушы органдарға сенімін арттыру бойынша қолданылып отырған шаралар жөнінде баян етті.

     
0
0
452

«Бір адым жақын...»

Ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні жолдарда, поездарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу аясында «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы кезекті сапарға шықты.

Департамент қызметкерлері мобильді топ мүшелерімен бірлесіпадамдар көп жиналатын жерлерде азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мобильді топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысында қолданатын тәсілдерді түсіндірді, азаматтарға құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлде төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша өңірде жүргізіліп отырған жұмыс туралы баяндады.

Сонымен қатар, қызметкерлер мен азаматтарға «Сыбайлас жемқорлық фактілеріне кез болған жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну керек?» сынды сұрақтарға жауап берілген ақпараттық парақшалар үлестірілді.

Іс-шара барысында мобильді топ темір жол вокзалына, автовокзалға, Көкшетау қ. халыққа қызмет көрсету орталығына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

   
0
0
387