Көкшетау техникалық институтының курсанттарымен кездесу
А. ж 23 қарашада Департамент ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының сырттай оқу бөлімінің 4 курс курсанттарымен «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып отырған қызметінің негізгі бағыттары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге 60-тан астам адам қатысты.
