«Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз»
А.ж. 21 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру және Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №6 орта мектебінің 3 сынып оқушылары «Бала кезімізден жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында театрландырылған миниатюралар қойылды.
Іс-шараға Департаменттің қызметкері Беккажанова С.қатысты.
Оқушылар мини-қойылымдарды көрсету арқылы сыбайлас жемқорлық деген не? Жемқорлықтың себептері қандай? тәрізді сұрақтарға өздері жауап берді.
Іс-шара барысында балалар пара алуға және беруге болмайтындығы, көздеген мақсаттарға адалдық пен еңбексүйгіштік арқылы жетуге тырысу керек екені туралы ойларын білдірді.
