Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!
А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында Астрахан ауданы Жалтыр ауылдық округінің мәдениет үйінде№4 Жалтыр орта мектебінің бастамашылығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» Форумы болып өтті.
Форумды өткізудің мақсаты – мектеп оқушыларының елдегі болып жатқан өзгерістерге ортақтық сезімін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, белсенді өмірлік ұстанымды, сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,
№4 Жалтыр орта мектебінің директоры А. Башимова Форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Сонымен бірге форумға қонақтар – аудандық мәслихаттың депутаты А. Мальков., аудандық білім бөлімі басшысының м.а. А. Асқаров, Жалтыр ауылдық округінің әкімі А. Иманқұлов шақырылды. Қонақтар өз кезегінде мектеп клубтарының жұмысын мақұлдап, алғыстарын білдірді және әр мектеп оқушысының бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік сезімінің қалыптасуына тілек білдірді.
Форумға №1 жЖалтыр орта мектебінің «Кристалл», В форуме приняли участие клуб «Кристалл» №2 Жалтыр орта мектебінің «Жарқын ұрпақ» және №4 Жалтыр орта мектебінің «Жас Талап» клубтары қатысты.
Форумға қатысушылар өздерінің командаларын таныстырды, қазіргі күндердегі жемқорлық көріністерін көрсететеін мини-қойылымдарды көрсетті, клуб мүшелерінің мемлекеттік қызметкерлерден, аудан және ауыл тұрғындарынан мемлекеттік билік институттарына сенім деңгейін нығайту мақсатында алған интервьюлері жазылған бейнероликтерді тамашалады, заманауи қоғамдағы жемқорлық көріністерін айғақтайтын мақал-мәтелдерді еске түсірді, патриоттық әндерді орындады.
Кездесу соңында форумға қатысушылар грамоталармен марапатталды.
