Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері
2017 жылдың 17 қарашасында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Басты мақсат – бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын іске асыру барысындағы дискрециялық өкілеттіктер мен жемқорлық тәуекелдерін осы функциялар жүктелген жергілікті мемлнекеттік органдардың қатысуымен талқылау.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Д.Хайруллин, Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілі, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар қатысты.
Кездесу барысында Д. Хайруллин тыңдаушылардың назарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүргізуге аударды.
Іс-шараға 40 адам қатысты.
А.ж. 17 қарашада «Нұр Отан» партиясы Департаментпен бірлесіп мемлекеттік органдардың және мемлекеттік органдардың арасында өңірлік байқау өткізді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының және Ақмола облысының тұрғындарын ағымдағы жылдың 22-қараша сағ. 15.00-18.00 аралығында Департаменттің Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сұрақтары» тақырыбында интернет-конференция өтетіні туралы хабарландырады.
Мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, тәлімгерлік саласындағы жоғары кәсіби білімі мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді айқындау және мадақтау мақсатында а.ж. 20 қазаны мен 8 қарашасы аралығында «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубының 10 жылдығы аясында «Үздік тәлімгер» облыстық байқауы өткізілді.
Осыдан 10 жыл бұрын Ақмола облысында жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау және олардың кәсіби тұрғыда, сондай-ақ, жеке тұлға ретінде қалыптасуына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы құрылды. Осы күнге дейін аталған клуб өз қызметін сәтті атқарып келеді.
10 лет назад с целью поддержки и оказания методической помощи в профессионально-личностном становлении, адаптации молодых специалистов и обмена опытом в Акмолинской области создан клуб молодых государственных служащих «Жігер», который до сегодняшнего дня успешно осуществляет свою деятельность.
А.ж. 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығымен бірлесіп тәлімгерлер резервіндегі тұлғалардың, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау легі тыңдаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
2017 ж.15 қарашада «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында «Әлеумет» бағдарламасының тікелей эфирінде Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д. Хайруллин және Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев Әдеп кодексінің негізгі аспектілері, Әдеп жөніндегі уәкілдерідің рөлі туралы түсіндірді, сонымен қатар, Департаменттің 2017 жылдың 10 айында атқарған қызметінің қорытындылары туралы баяндады. Эфир барысында телефон арқылы келіп түскен сауалдарға толық жауап берілді.
А.ж. 14 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы және қызметкерлері Еңбекшілдер ауданына жұмыс сапарымен келді.
А.ж. 15 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізілді.