Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында ақпараттық оқу өткізілді
2017 жылғы 24 қарашада Көкшетау қалалық мұрағаты қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында аппараттық жиналыс өткізілді. Аппараттық жиналысқа Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы А.Галеева қатысты.
Кездесу барысында Департамент қызметкері мемлекеттік мекеме ұжымы мүшелерін жемқорлыққа қарсы стратегиямен, оның мақсаты, басым бағыттарымен және әдістерімен таныстырды, сондай-ақ, Департаментпен жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолданылған шаралар жөнінде баян етті.
Кездесу соңында А.Галеева жемқорлыыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараға барлығы 20 адам қатысты.
