Көкшетауда мемлекеттік қызметтің жаңа институттарын түсіндіру жүргізілуде
А.ж. 24 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Көкшетау қаласының әкімдігінде қала әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің, сондай-ақ, байқаушылар пулы мен тәлімгерлер резервінде тұрған тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің, қаланың жергілікті атқарушы органдарында жастар тәжірибесінен өтіп жүрген азаматтарға арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудің, маңсаптық өсудің, әлеуметтік қорғаудың, кадрларды кәсіби даярлаудың, жұмыс нәтижесі бойынша ақы төлеудің жаңа қағидаттары туралы сөз қозғалды. Мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу, мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімі мен тәлімгерліктен өту тәртібі түсіндірді. Тәлімгердің жас мемлекеттік қызметшінің жаңа ұжымға үйренудегі, алға қойылған мақсаттар мен қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың әдістерін меңгерудегі рөліне назар аударылды. Байқаушылардың мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі конкурс рәсімдерінің айқындығы мен объективтігін іске асырудағы маңыздылығы атап өтілді.
Семинардың аяғында конструктивті диалог құрылды, оның барысында Департаменттің өкілдері қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Іс-шара 45 адамды қамтыды.
