Мазмұнға өту
Makhtaralbaspasoz

Мақтарал баспасөзі

@Makhtaralbaspasoz

Сайтта 2016 ж. 16 шілде

Мақтарал ауданының баспасөз қызметі ауданымыздың тыныс-тіршілігін бүкіл Қазақстанға көрсету үшін құрылған.

рейтинг

100

жазбалар

54

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Мақтарал ауданының жаңа әкімі ауыл халқының мәселелерімен танысуда

Күні кеше Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғалым Исмаилов Ш.Ділдәбеков ауылдық окургінің «Мәдениет үйінде» ауыл халқымен кездесті. 12 мыңға жуық халқы бар ауылдық округтің тыныс-тіршілігмен танысып, ауыл тұрғындарының айтқан мәселелері мен ұсынған ұсыныстарын тыңдады. «Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің жалпы жер көлемі 6800 гектар. 1737 отбасы бар. Ауылдық окургіміз 13 елді мекеннен тұрады. Орталығы – «Бірлік» ауылы аудан орталығы Жетісай қаласынан 26 км қашықтықта орналасқан» - дейді ауыл әкімі Нәлжан Әбдірайым өз есебінде. Ауылдық округ көлеміндегі халықтың ұлттық құрамы, көшелер мен аулалардың саны, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар туралы, білім және денсаулық салалары бойынша жалпы атқарылған жұмыстар туралы мәлімттерді де ауыл әкімі шет қалдырмады. «Дәл осы ауылдық округке қараст…

1
0
872

2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған

Бүгін Мақтарал ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрғындарға микрокредит берудің механизмдері мен шарттары туралы кеңес беру» жөнінде кездесу өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, микрокредиттік ұйымдардың басшылары, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Мақтарал филиалы қызметкерлері, аудандық кәсіпкерлікті қолдау палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты. «Нұр Отан» партиясының «Мақтарал» филиалының төрағасы Әбдіманап Байдуллаев кәсіпкерлікті дамытуға мемлекетіміздің қаншалықты көңіл бөліп жатқандығын айтып өтіп, аудан тұрғындарынан өздерін мазалаған көкейкесті мәселелерді ортаға салуды сұрады. Мырзакент кентінің тұрғыны Анарбай Шалқаров құжаттарының бәрі дұрыс бол…

1
0
442

«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді

Бүгін Мақтарал ауданының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің ғимаратында Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Спорт күніне» орай «Спорт бізді біріктіреді» атты аудан жастары арасында волейболдан турнир болып өтті. Жарысқа түрлі ауылдық округтер мен кенттерден 16 команда қатысты. Бәсекелі додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып «Асықата кенті» командасы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Қарақай» ауылдық округінің командасы жүлделі екінші орында алса, «Қызылқұм» ауылдық округінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз командалар аудан әкімшілігінің арнайы дипломдарын алып, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. (с) Ма…

1
0
545

Мақтарал ауданында 3 тақырыпты қамтыған семинар-тренинг өтті

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал», «Отанды сүю имандылықтан басталады», «Жақсы дәстүр имандылықтан басталады» тақырыптарында семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға «Кемел» және «Ғаламат» Қоғамдық бірлестіктері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық келісім КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, көп балалы аналар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, атқарушы бөлімдердің басшылары мен іс-қағаздарға жауапты мамандары, қала, кенттер, ауылдық округі әкімдерінің көмекшілер…

1
0
267

Мемлекеттік қызметкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауы және оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс – Әжібек Ақан

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты дөңгелек үстел болып өтті. ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін талқылау және насихаттау үшін аудан әкімдігінің Персонал бөлімі, мәслихат депутаттары, «НұрОтан» партиясы мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы ардагерлер және қызметін енді бастаған жас мемлекеттік қызметкерлер іс-шараға қатысты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды анықтаған болатын. Сол 5 институционалдық реформалардың ең біріншісі Кәсіби мемлекеттік аппараты қалыптастырудан басталатыны және 100 нақты қадамның 15-і мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақы іс-шараларды анықтайтыны айтылған. Дәл сол себепті бүгінгі дөңгелек үст…

1
0
399

Шәмшінің әндері жердің жәннәті Жетісайда шырқалды

Кеше Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласында ұлы компазитор Шәмші Қалдаяқовтың туылған күніне арналған «Бақыт құшағында» атты ән кеші болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырған Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі. Бүкіл халықты өзіне баураған Шәмшінің әндерін тыңдау үшін Жетісай тұрғындары көптеп жиналды. Мақтарал ауданына танымал әншілер Ш.Қалдаяқовтың халық жатқа білетін бірнеше әндерін шырқап, бишілер би биледі. «Шәмші – ұлтымыздың ән әлеміндегі ерекше құбылыс. Асқар шыңның алыстаған сайын биіктей беретіні секілді қазақ даласының ұлы перзенті Ш.Қалдаяқовтың да уақыт өткен сайын даңқы өсіп, рухы асқақтап барады. Шәмші ағаның лирикалы әндері тек жалын махаббатты ғана емес, әсемдікке, сезімге, жан парасатына жетелейді» - дейді…

1
0
539

Мақтарал ауданының жаңа әкімі Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесті

Мақтарал ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Исмайлов Ғалым Ыбырайұлы Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесіп, өзінің алғашқы жұмыс аптасын жұртшылықты мазалаған мәселелермен танысудан бастады.

Қаланың алқалы билері мен ардагер ақсақалдары, қоғам қайраткерлері мен түрлі салалардың майталмандары қатысқан жиында аудан әкімі әрбір адамның айтқан ұсынысы мен қозғаған мәселелерін жазып алып отырды. Қаланың тазалығы, таза су, жол, мектеп т.б. мәселелерді көтерген халық жаңа әкімнің жұмысының сәтті болуына тілектер білдірді. Жасы үлкен ақсақалдың батасын алған әкім өзінің мәселесін айтып келген әрбір аудан тұрғынына есігі ашық екенін айтып, жұмысқа белсене кірісті.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
1753

«Бизнес тірегі» жобасы бойынша Мақтарал ауданында 5 кәсіпкерден заңсыз тексеріс туралы хабар түскен — Қанат Қабырбаев

«Мақтарал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын 5 кәсіпкерден Мақтарал АІІБ-сі және нөмірі 2-ші ПБ-нің қызметкерлерінің үстінен заңсыз тексеру жүргізгендігі туралы хабар түскен» - дейді ҚР БП ҚСжАЕА ОҚО басқармасының Мақтарал ауданы бойынша аға прокуроры Қанат Қабырбаев. Бұл туралы ол Жетісай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен бүгінгі дөңгелек үстелде хабарлады. Айта кетейік, аталған хабар Мақтарал аудандық прокуратурасында құрылған Кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдау үшін тұрақты жұмыс жасайтын мобильдік топқа жолданған. Аудандық прокуратура дәл осы мобильдік топпен тексеру жүргізу барысында аталған 5 кәсіпкердің қызметіне ағымдағы жылдың мамыр-тамыз айларының аралығында Мақтарал АІІБ-сі және 2-ші ПБ-н…

1
0
1013

Мақтарал ауданының кәсіпкерлері «Бизнес тірегі» жобасы арқылы өз бизнесін заңсыз тексерістерден қорғай алады – Қанат Қабырбаев

«Мақтарал ауданының кәсіпкерлері «Бизнес тірегі» жобасы арқылы өз бизнесін заңсыз тексерістерден қорғай алады» – дейді ҚР БП ҚСжАЕА ОҚО басқармасының Мақтарал ауданы бойынша аға прокуроры Қанат Қабырбаев. Бұл туралы ол Жетісай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен бүгінгі дөңгелек үстелде хабарлады. 15 жыл бойы сәтті қызмет етіп келе жатқан Бизнес субьектілерінің тексерістерін тексеру институты өз тиімділігін күн сайын арттыруда. Тексерістерді тіркеудің заманауи жүйесі мемлекеттік орган актісіндегі жай ғана штамп емес, өкілетті прокурордың тексерістің негізді әрі заңды екенін растау болып табылады. Заманауи инновациялық технологиялардың дамуының арқасында прокуратура органдары тіркеудің электронды нұсқасына толықтай өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер арасында кең тара…

1
0
1273

Мақтарал ауданында Абай Құнанбаевтың шығармалары насихатталды

Кеше Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 171 жылдығына орай және «Абай поэзиясы күніне» арналып Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласындағы Абай гүлзарында мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеште Ұлы ақынның әндері шырқалып, іс-шараға жиналған Жетісайдың тұрғындары мен қонақтары ақынның поэзиясымен сусындады. Сонымен қатар, «Абай тағлымы – халық даналығы» деген атпен кітаптар көрмесі өтті. Абай Құнанбаевтың даналық сөздерін, айтқан өсиеттерін еске алған жұртшылық және жаңадан үйленіп жатқан жас жұбайлар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
1298