Мазмұнға өту
Makhtaralbaspasoz

Мақтарал баспасөзі

@Makhtaralbaspasoz

Сайтта 2016 ж. 16 шілде

Мақтарал ауданының баспасөз қызметі ауданымыздың тыныс-тіршілігін бүкіл Қазақстанға көрсету үшін құрылған.

рейтинг

100

жазбалар

54

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Мақтарал ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мақтарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі тағайындалды. Мақтарал ауданының әкімі лауазымына Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов тағайындалды. Ғ.Ы.Исмаилов 1961 жылы 10 қарашада туылған, білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген құс фабрикасында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Шымкент қалалық әкімшілігі коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымында бастаған. 2001-2007 жылдары Шымкент қалалық № 2 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Түркістан, Шымкент қалалары ә…

1
0
2291

Мақтарал ауданы қауын экспорттаудан Орта Азияның көшбасшысы

Бір кездері бүкіл КСРО-ға «Ақ алтын өндіру заводы» деген атпен танылған Мақтарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын өсіруге жаппай бет бұрды. Бүгінде мақтаралдық диқандар қауын өсіруді шебер меңгеріп алған және жыл сайын қауын ұрықтарын будандастырып, экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын жасап шығаруда. Бір ғана мысал, Мақтарал ауданы соңғы 2 айда 238 000 тонна қауын-қарбыз экспорттаған және оның жартысынан көбі «Мырзашөл» қауыны. Күзге дейін бұл көрсеткіш 2 есе артуы мүмкін. Мұның өзі Мақтаралдың қауын экспорттаудан Орта Азияның көшбасшы екендігін көрсетеді. Балдай тәттілігімен көптеген елдерді мойындатқан Мақтаралдың «Мырзашөл» атты қауыны Ресей мен Беларусьяға жеткізіліп, одан әрі қарай ресейлік кәсіпкерлер Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдайды екен. Мәселен, Ресейлік кәсіпк…

1
0
2551

Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады

Бүгін аудан әкімі Ж.Бейсенбаев күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жұмыс барысымен танысты. Білім нысандарын аралаған аудан басшысы Достық ауылдық округындағы Айни ЖОМ-нің, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округының А.Тұяқбаев атындағы ЖОМ, Еңбекші ауылдық округындағы Абай атындағы ЖОМ-гі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын көрді. Аталған оқу нысандардың жұмысын алған мердігерлерге оқу жылы басталуға аз уақыт қалғанын ескертіп, нысандардың жылдам әрі сапалы етіп аяқтау керектігін жеткізді. Әсіресе, Хайдар елді мекенінде орналасқан Айни ЖОМ-гі жұмыстардың кестеден кешігіп жатқандығын, нысанда жұмыс істеп жатқан 32 адамның уақытында жұмыстарды бітіре алмайтындығын ескертіп, қосымша жергілікті халықты жұмысқа тарта отырып қол күшін көбейтіп, мәселені шешу керектігін айтты. (с) Мақтарал а…

1
0
619

Мақтаралдың көркі арта түспек

Жері жазық, жазиралы ерекше табиғатқа ие, Қазақстанда халқы ең тығыз орналасқан аудандардың бірі Мақтарал ауданы екені мәлім. Ақ алтынымен мақтаның аралы атанған өлке бүгінде қауын-қарбызымен де бүкіл әлемге танылуда. Оған дәлел, ауданымыз бүкіл қазақ даласын қамтамасыз етумен қатар, соңғы 2 айда 200 000 тоннадан аса қауын-қарбызды Ресей мен Еуропаға экспорттап үлгерді. Тоқтаусыз дамып жатқан өлкеге Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Нұралы Әбішев келген болатын. Ауданның даму қарқынын өз көзімен көрген депутат аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевпен кездесіп, бірнеше мәселелерді талқылап үлгерді. Соның ішінде Мақтарал ауданына кіреберіс қақпаның құрылысы жайлы сөз болды.Жобаның сызбаларын талқылау барысында депутат өз ұсыныстары мен ойларын айтып, құрылыс жұмыстарының тез арада б…

1
0
4939

«Мақтаарал» өз алаңында жеңіске жетті

Кеше Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов стадионында жергілікті "Мақтаарал" футбол клубы қонаққа келген "Шахтер-Болат" футбол клубын қабылдап алды.


Тартысты ойында "Мақтаарал" футбол клубының ойыншысы Гейсар Алекперзаде бір гол соғып, "Мақтааралды" жеңіске жеткізді.

Айта кетейік, "Мақтаарал" футбол клубы бірінші лиганың жалпы есебінде үшінші орында келе жатыр.

Мақтаарал 1-0 Шахтер-Болат.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
395

Мақтаралдың орталық ауруханасын еріктілер нұрландырып жіберді

Бүгін Мақтарал ауданының орталық ауруханасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еріктілер мектебі» жобасы аясында Мақтарал ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» акциясы болып өтті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен ауданымыздың орталық ауруханасының балалар бөлімінде қабырға суреттері салынып, қызықты ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы науқас балалардың көңіл-күйін көтеруге ауданның ерікті жастары ат салысты. «Адамзат атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударса керемет емес пе? Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұрын басқаларға сыйлап, жан дүниесін жылы сезімдерге толтырып жүрсек, жер бетінде бақытсыздар болмас еді. Сырқаттанып, аурумен күресіп жүрген балалардың жүрегіне жы…

1
0
1633

Мақтаралдың тазалық сақшылары іске кірісті

Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады. 30-дан аса студенттерден құрылған жасақ аудан орталығының көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды. Студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады. Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған. Осылайша, студент ж…

2
0
627

Мақтарал ауданында терроризм қауіпінің алдын алу бойынша жиын өтті

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудан басшысы Ж.Бейсенбаевтың қатысуымен антитерроризмге қатысты жиналыс өтті. Іс-шараға аудандық ішкі істер басқармасының басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері, жалпы мемлекеттік және жекеменшік ірі обектілердің жетекшілері қатысты.


Аудандық Ішкі істер басқарма бастығының орынбасары С.Жайлыбаев терроризмге қарсы тұру үшін көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндама жасады. Соның ішінде халық көп жүретін қоғамдық орындар мен осал обьектілердің қатаң қадағаланып, жиі тексеріліп тұратындығын айтты.

Мақтарал ауданы әкімі Ж.Бейсенбаев ең бірінші бейне бақылаудың көмегімен қылмыскерлер ұсталғанын айта отырып, бірқатар бейне бақылау орнатылмаған мекеме басшыларына қатаң ескерту жасап, дереу орнатуды міндеттеді.


1
0
499

Туу туралы куәлік 3 күннің ішінде дайын болуы керек – Мақтарал ауданы АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова

Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар өткізді. Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, АХАЖ секторының басшылары, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Айта кетейік, «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Бүгінгі тақырып «Ахаж секторына» арналды. АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова сектордың халыққа көрсететін қызметтері туралы толық түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, сектор басшысы жақында ғана қабылданған жаңа заң туралы айтты. «Жаңа заң бойынша, жаңадан туылған сәбидің ТУУ туралы куәлігі 3 күннің ішінде дайын болуы керек. Дайын болмай қалған жағдайда құжаттар жағынан қиындық туындайды.…

1
0
878

Мақтаралдық тұрғындар ауылдастарына үй соғып беріп жатыр

Табиғаты шұрайлы Оңтүстік өлкесінің ауа райы қандай қолайлы болса, халқы да сондай мейірбан десек артық айтпағанымыз. Олай деуге негіз бар. Өйткені, Мақтарал ауданындағы бір ауыл барша алашқа үлгі боларлық іс жасап отыр. Тарқатып айтсақ, ауданның Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылының тұрғындары игі бастама көтеріп, ауылдастары, І топтағы мүгедек Абиболла Ибрагимовтың әбден тозығы жеткен үйінің орнына жаңадан үй салып беру үшін асарлатып жатыр. Бірлігі жарасқан елді мекен тұрғындарының бірі қаржылай көмек беріп жатса, енді бірі, заттай немесе көмектесу арқылы қол ұшын созуда. «Шыны керек, басында бір ауыз сөзім жерде қала ма деп те ойлап едім. Қаншалықты заман өзгергенімен, ауылымызда иманды адамдар әлі де көп екен. Барлығы қолдап, іске кірісе кетті. Бүгінде көлемі 10х8 м бо…

1
0
1410