Мақтарал ауданының жаңа әкімі Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесті

Мақтарал ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Исмайлов Ғалым Ыбырайұлы Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесіп, өзінің алғашқы жұмыс аптасын жұртшылықты мазалаған мәселелермен танысудан бастады.
Қаланың алқалы билері мен ардагер ақсақалдары, қоғам қайраткерлері мен түрлі салалардың майталмандары қатысқан жиында аудан әкімі әрбір адамның айтқан ұсынысы мен қозғаған мәселелерін жазып алып отырды. Қаланың тазалығы, таза су, жол, мектеп т.б. мәселелерді көтерген халық жаңа әкімнің жұмысының сәтті болуына тілектер білдірді. Жасы үлкен ақсақалдың батасын алған әкім өзінің мәселесін айтып келген әрбір аудан тұрғынына есігі ашық екенін айтып, жұмысқа белсене кірісті.




















(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
