Шәмшінің әндері жердің жәннәті Жетісайда шырқалды

Кеше Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласында ұлы компазитор Шәмші Қалдаяқовтың туылған күніне арналған «Бақыт құшағында» атты ән кеші болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырған Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Бүкіл халықты өзіне баураған Шәмшінің әндерін тыңдау үшін Жетісай тұрғындары көптеп жиналды. Мақтарал ауданына танымал әншілер Ш.Қалдаяқовтың халық жатқа білетін бірнеше әндерін шырқап, бишілер би биледі.
«Шәмші – ұлтымыздың ән әлеміндегі ерекше құбылыс. Асқар шыңның алыстаған сайын биіктей беретіні секілді қазақ даласының ұлы перзенті Ш.Қалдаяқовтың да уақыт өткен сайын даңқы өсіп, рухы асқақтап барады. Шәмші ағаның лирикалы әндері тек жалын махаббатты ғана емес, әсемдікке, сезімге, жан парасатына жетелейді» - дейді Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов.
Арыс өзенінің жағасында 1930 жылы 15-тамызда өмірге келіп, киелі Отырар топырағынан қуат алып, халқымызға әннен шашу шашқан жерлесіміз, сазгер Ш.Қалдаяқовты білмейтін қазақ кемде кем. Шәмші әндерін тыңдауға келген Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің бас маманы Әділхан Тұрсынханов: «Шәмші әндерінің басты ерекшелігі – оның шынайылығында. Сан түрлі тақырыптарды қамтыған әндердің барлығы да әсемдікті, нәзіктікті, сұлулықты, тазалықты жырлайды» - дейді бізге берген сұхбатында.
















(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
