Мазмұнға өту
CRMI

ЖБДО ЦРМИ

@CRMI

Сайтта 2014 ж. 7 желтоқсанКазахстан, Павлодар

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асуы және таратылуы! Реализация и освещение государственной молодежной политики по Павлодарской области

рейтинг

100

жазбалар

1 265

пікірлер

13

тіркелуші

21

жазылымдар

11

«Павлодар облысы студент жастарының арасындағы облыстық дебаттық турнир»

«Павлодар облысы жастар саясатының мәселелерінің басқармасы» ММ қолдауымен 22-23 ақпанда «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты аясында Павлодар қаласының колледж және жоғары оқу орны студенттерінің арасында парламенттік дебаттар бойынша дебаттық турнир өткізді. Дебаттың тақырыбы қазіргі жастар мәселесіне сай «Жастар елінің болашағына бүгін жауапты» тақырыбында өтті. Турнирдің мақсаты Павлодар облысындағы зияткер жастарының консолидациясы, әлеуетті, жауапкершілігі мол, азаматтық позициясы мықты, шығармашыл және сын тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары жастарды тәрбиелеу; дебат қозғалысын дамыту болып табылады. Турнирдің тақырыбы турнирдің мақсатына дәлме-дәл болған іспетті. Олар «Бұл палата мемлекеттің гүлденуі тек жастардың қолында деп есептейді», «Б…

0
0
1088

Павлодарда 5000-нан астам адам флешмобқа қатысты

Нашақорлық-бұл қоғамды улаған індет болып табылады.Қанша жерден бұл туралы ащы шындықтар айтылып жатса да,қоғамымыз әлі де бұл кеселден арылмай отыр.Нашақорлықтың зардабы өте көп.Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады,яғни адам өміріне кері әсерін тигізеді. 2016 жылы маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары отырысы кезінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес «Есірткісіз әлем» атты халықаралық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Ос ретте, Павлодар жастары да 19 сәуір халықаралық есірткіге қарсы күрес күні үнсіз қалғанды жөн санамады. Павлодар облысының ІІД-нің Нашақорлыққа қарсы күрес департаменті мен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі бірлесіп, Орталық стадионда алып флешмоб ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты жаст…

0
0
514

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шара

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде сағат 15.00 де «Ақтоғай ауданының орталық кітапханалар жүйесі» ММ-де жастарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, «Нашақорлықсыз әлем!» атты Дүниежүзілік акция шеңберінде, «ЭКСПО-2017» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның тақырыбы «Нашақорлықтың, шылым шегудің, маскүнемділіктің, токсикоманияның және ВИЧ-инфекцияның алдын алу». Аталмыш дөңгелек үстелдің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғамда жастардың көкейкесті мәселелерін талқылау. Іс-шара барысында Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Г.Г. Құрманғалиева аудан жастарына салауатты өмір салтының негіздеріне тоқтады, жалғасында орталық аурухананың психолгы Г.Макимов…

0
0
1493

Жастар Қарттарға қуаныш сыйлады

«Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ түсті» дейді Қазақ даналығы. Иә, қартайып бір қайғырасың, тағдырдың тауқыметін сезініп бір мұңайасың. Кім қартайған шағында, бала шағасынынң қызығын көріп, немересін иіскеп отырғысы келмейді дейсіздер! Бірақ «Қарттар Үйіндегі» қариялар үшін бұл бұлдыр сағым іспетті. Бүгін Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамларын дамыту орталығы» КММ-сі және Павлодар обылсытық Пробация қызметінің ұйымдастыруымен қалалық «Қарттар үйінде» мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты қарттардың көңіліне аз да болса қуаныш сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Шара басында сөз алған Павлодар қалалық Пробация қызметінің басшысының м.а. Болат Шалқарбайұлы қарттарды келе жатқан көктем мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ…

0
0
1483

«Сен „ЭКСПО-2017“ туралы не білесің?» викторинасының жеңімпазы Павлодар колледжінің студенті болды

"Сен "ЭКСПО-2017 туралы не білесің "? викторинасы аяқталды. Викторина жеңімпазы "Серпін" бағдарламасының, "Павлодар технологиялық колледжінің" студенті Ермағамбетова Арайлым атанды,  ол барлық викторина сұрақтарына толыққанды және дұрыс жауап берді.

Жастар саясатын мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "ЭКСПО-2017" еріктілері уәде бергендей,  жеңімпазға көрмеге билет сыйлады,  күнін өзі таңдай алады.

Жұбанышты жүлде ретінде, еріктілер тағы бір викторина қатысушысын марапаттады. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Арыстанбекқызы Назым. Еріктілер оған "ЭКСПО-2017" эмблемасы бар шағын жол сөмкесін сыйлады, дәстүр бойынша, Назым еріктілерге Асатанаға көрмеге баруға және осы сөмкемен ілесіп жүруге уәде берді.

0
0
968

Жастар Орталығында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Дебат турнирі өтті

«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікіріңді айналаңа, қоғамға жеткізе білу – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі сөйлеу кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Өңірімізде де орынды жерде ойын жеткізе білетін, тыңдаушыны иландырып, көркемсөзді келістіре айта алатын жастар жоқ емес. Осындай жастарды анықтап, облысымыздағы пікірталас қозғалысына дем беру, ораторлық өнерін дамытып, шешендік шеберлігін шыңдау мақсатында, 16 сәуір күні ПМПИ дебатшыларының көшбасшысы Санат Советтің ұйтықы болуы, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің қолдауыме…

0
0
2036

Жұмысшы жастар «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Ақсу ферроқорытпа зауытында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, "ЭКСПО-2017" еріктілері Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшы жастар Кеңесінің белсенділерімен кездесуі өтті. Кездесуге 80-нен астам зауыт адамдары қатысты. Кездесу барысында еріктілер өз жетістіктерімен және олар "ЭКСПО-2017" еріктілері болу үшін қандай жұмыс жолын атқарғанымен бөлісті. Зауыт жастар үшін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы шағын лекция туралы өтті, билеттерді қалай және қайдан сатып алуға болатынын түсіндірді. Дәрістер қорытындысы бойынша еріктілер "ЭКСПО-2017" тақырыбына қатысты викторина өткізді, онда сұрақтарға дұрыс жауап беруге керек еді. Еріктілер ауыр сұрақтар дайындады. Барлық сұрақтарына дұрыс жауап бергенге, еріктілер "ЭКСПО-…

0
0
701

Еріктілер «ЭКСПО-2017» арналған флешмоб ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде қазтұтыну одағының "Батыр Мол"сауда-ойын-сауық орталығында, "ЭКСПО-2017" еріктілер Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, "ЭКСПО-2017" "халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған флешмоб ұйымдастырды. Осы іс-шара өткізу кезінде ойын-сауық орталығының келушілеріне "ЭКСПО-2017" туралы ақпараттық буклеттер берілді. Сондай-ақ, "ЭКСПО-2017" еріктілер билеттерді қалай және қайда сатып алуға болатын түсіндірді. Сол уақытта, "ЭКСПО-2017" еріктілердің басқа бөлігі "ЭКСПО-2017 туралы не білесін?" сұхбат түрінде акция өткізді. Қаланың түрлі аудандарында еріктілер қала тұрғындарына көрме туралы әр түрлі сұрақтар қойды. Еріктілер атап өткендей, көрме туралы сауалнама барысында көптеген сұхбат берген жүргіншілер қысылмай жауап берді…

0
0
1511

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компания өкілдері еріктілер үшін семинар-тренинг өткізді

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар облысы волонтерлер үшін"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компаниясының өкілдерінің қатысуымен, "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрме туралы алғаш рет семинар-тренинг өтті.Оқытушылар ретінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компания еріктілер штаб басшысының орынбасары Жолдасбаев Дәурен Сайденұлы және "Астана ЭКСПО-2017" волонтерлік қозғалыс тобының жобалау көшбасшысы Шаржау Анара Русланқызы сөз сөйледі. Кездесу барысында еріктілер топтарының көшбасшылар көрмеге қонақтар үшін жоғары деңгейде жергілікті еріктілер дайындығы айтылды және командада жұмыс дағдылары туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті. "Астана ЭКСПО-2017" республикалық штабында көрмеде жұмыс істейтін Павлодар облысында квота 150 адамға анықталғанын, естеріңізге…

0
0
533

Орталық қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды

Бүгін «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі қызметкерлері арнайы семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты қызметкерлердің жұмысқа ынтасын арттыру және ұжым ішіндегі байланысты нығайту болып табылады.

Кәсіпкерлер палатасының білікті маманы жүргізген тренинг қатысушыларды бірден ұйытып, ойындарға бар ынтасымен кірісіп кетті. Ең алдымен қатысушылар қызықты қимылдар арқылы танысу рәсімін жасады. Тест сұрақтары, «Миға шабуыл», жеке тұлғаның әлеуметтік көзқарасын анықтайтын тапсырмалар берілді.

Қорытындысында қызметкерлер, бұл тренингтен өзіне керектісін алды. Жұмысындағы кем кетіктерін анықтап,болашқта кемшіл тұстарын дамытуға уағдаласты.

0
0
623