Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сен „ЭКСПО-2017“ туралы не білесің?» викторинасының жеңімпазы Павлодар колледжінің студенті болды

"Сен "ЭКСПО-2017 туралы не білесің "? викторинасы аяқталды. Викторина жеңімпазы "Серпін" бағдарламасының, "Павлодар технологиялық колледжінің" студенті Ермағамбетова Арайлым атанды,  ол барлық викторина сұрақтарына толыққанды және дұрыс жауап берді.

Жастар саясатын мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "ЭКСПО-2017" еріктілері уәде бергендей,  жеңімпазға көрмеге билет сыйлады,  күнін өзі таңдай алады.

Жұбанышты жүлде ретінде, еріктілер тағы бір викторина қатысушысын марапаттады. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Арыстанбекқызы Назым. Еріктілер оған "ЭКСПО-2017" эмблемасы бар шағын жол сөмкесін сыйлады, дәстүр бойынша, Назым еріктілерге Асатанаға көрмеге баруға және осы сөмкемен ілесіп жүруге уәде берді.

 
0
0
969

Осы тақырып бойынша

«Сен „ЭКСПО-2017“ туралы не білесің?» викторинасының жеңімпазы Павлодар колледжінің студенті болды - Yvision.kz